Ардагерлерді ардақтайық

            Дәстүр бойынша аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері мен М.Әуезов орта мектебінің 9 сынып оқушыларының бірлесуімен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында Ақтау көшесінің тұрғыны Махметова Ұлдай апамызға көмектесіп, шарбақты қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп, қолғабыс етті.  


Оқушылар ұйымшылдықпен бірі қар күресе, бірі жиналған қарды сыртқа шығарды. Ұлдай апамыздың балалары қалада жұмыста, ал  өзі үйде жалғыз тұрады екен. Ең бастысы, үлкенге құрмет көрсеткен жас ұрпақ-оқушыларымызға  әжеміз ақ батасын беріп, алдағы күндеріне тек сәттілік тілеп, әрқашан білім алып, саналы, білімді  ұрпақ болыңдар,-деді.

 

Жадыра Нариманқызы

Жастар ресурстық орталығы маманы



Бөлісу: