Батырхан Шүкенов. Махаббат. Жаңа бейнебаян

Батырхан Шүкенов. Махаббат. Жаңа бейнебаян
жеке
блог

Көзі тірі болса, биыл 55 жасқа толатын еді. Қазақ елі Батырын сағынады. Әндерін тыңдайды. Дауысын естігісі келеді.

«Батырхан Шүкенов атындағы қор» қоғамдық қоры өмірден озған белгілі әншінің атын өшірмеу мақсатында көптеген игі істерді атқарып келеді. Батырхансыз өткен 2 жыл ішінде әншінің тірі кезінде жарыққа шығып үлгермеген жобаларын елге таныстырып жатыр. Қоғамдық қор директоры, Батырханның досы Олжас Байканов жұртшылық назарына әншінің «Нас исцеляет любовь» әніне түсірген бейнебаянының тұсауын кесті. Оның айтуы бойынша, бұл бейнебаянда көпшілік біле бермейтін Батырдың жеке мұрағаты пайдаланған. Сондай-ақ, әншінің 3 күйтабаққа сыятын әндері де бар. Болашақта қаржылық қолдау болып жатса, күйтабақ та жарыққа шығып қалады.

Ал 24 мамыр күні Алматыдағы Республика Сарайында Батырхан Шүкеновтың мерейтойына арналған үлкен концерт өтеді. Концертте Севара Назархан, Далер Назаров, Валерий Меладзе т.с.с әншінің достары қатысады.