Балықты дұрыс таңдай алып жүрміз бе және оның біздің ағзамызға пайдасы қандай?
жеке
блог

Балықты дұрыс таңдай алып жүрміз бе және оның біздің ағзамызға пайдасы қандай?

Ғалымдардың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде балықтың адам ағзасына өте пайдалы екені анықталып, дәлелденген. Мысалы, балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді. Сонымен қатар, бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метонин көп және кальций, магний, фосфор, йод секілді минералдарда аз емес. Әсіресе, балықтың мұндай қасиеттері ауруларға ем болса,күрделі білім бағдарламасында білім алатын мектеп жасындағы балалар үшін таптырмас азық. Сондықтан да балаңыз зерек болсын десеңіз аптасына кем дегенде екі рет балық беріңіз. Сонда балаңыздың есте сақтау қабілеті жақсарып, миы дамиды. Тіпті,балық еті қанайналым жүйесінің, жүрек қантамырлар жүйесінің ауруларына ем. Сондай-ақ, қатерлі ісіктің өршуіне жол бермей, бауыр ауруларының алдын алып,ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады. Сол себептен адам жылына 14 килограммға жуық балық жеуі тиіс. Алайда, біздің елімізде әр адам жылына 5 килограммға жуық қана балық жейді екен. Ал, Жапония елінде бір адам  орта есеппен 70 килограмм балық етін жейді екен. Осының нәижесінде жапон халқы ұзақ өмір сүрумен қатар, өте жас әрі сымбатты көрінеді. Бірақ  балық шынымен пайдалы болу үшін оны дұрыс таңдай білу қажет. Егер сіз денсаулығыңызға толықтай пайдалы балық алғыңыз келсе, балық сатушыдан ветереналық дәрігер берген анықтаманы талап етіңіз немесе балық сапасын балық көзінің шырышты қабатына, желбезегіне қарап біле аласыз. Егер де балықтың көзі қанталаған болса, желбезегінен жағымсыз иіс шықса ол балықтың бұзылғандығын білдіреді. Сонымен қатар, балықтың сапасын оны басып көрумен анықтай аламыз. Балықты саусағыңызбен басқанда із қалса, бұл балықты алмағаныңыз жөн. Cебебі, бұзылған  балықты басқанда белгі қалады немесе суға салсаңыз бетінде қалқып жүреді. Сондықтан денсаулыққа өте пайдалы деп танылған балық етін дұрыс таңдамайтын болсақ, денсаулығымызға үлкен зиян келтіріп алуымыз мүмкін. Мысалға, бұзылған балық етінен описторхоз секілді аурулар туындайды. Сол себепті дұрыс таңдау жасап, салауатты өмір сүрейік!!!