Жақсылық жасау - тым қиын емес
жеке
блог

Жақсылық жасау - тым қиын емес

   Бірде дәріxанаға ерлі-зайыптылар кірді. Келіншегі жақында босанатыны көрініп тұр. Олардың артынан тағы бір ер адам кіреді. Ерлі-зайыпты екеуі жаңа туған сәбилердің заттарына қызыға қарап тұрып, бағасын көргенде ауыр күрсінді. Олар ең арзан дәріні таңдап, "Жүкті әйелге ішуге бола ма?" деп сұрады сатушыдан.
-Иә, болады. Ауырып тұрсыз ба?
-Суық тигізіп алдым ба, жөтел қысып барады. Соның кесірінен жөтелген сайын белім қақсап шыдатпайды,-деп мұңайды келіншегі.
-Уақытыңызды алсақ кешірім сұраймыз, арзанын алуға тура келіп тұр, жұмыстан босап қалып ем, ақшадан қиналыңқырап жүрміз,-деді күйеуі күрсініп.
-Арзан дәрі жақсы әсер бермеуі мүмкін. Тоқтаңыз. Менде қымбат дәрілер бар, бұларды сырттары бүлініп қалған соң сатылымнан шығарып тастап еді, соларды сіздерге берейін, менен сыйлық болсын,-деп сатушы 5 банкі жөтелге қарсы қымбат сироп, жүкті әйелге арналған белбеу, сәбилердің памперсін әкеп береді.
-Не айтарымызды да білмей тұрмыз, раxмет сізге,-деп келіншек қуанғаннан жылап жіберді.
Сол кезде арт жақта кезекте тұрған ер адам әңгімеге араласып:
-Кешіріңіз, жақында жұмыстан босап қалдым дедіңіз, мамандығыңыз кім?
-Программист.
-Керемет! Мен компьютерден xабары бар көмекші іздеп жүр ем, ертең құжаттарыңызбен келе аласыз ба? Шұғыл түрде жұмыскер керек,-деді бөтен ер адам.
Манағы ерлі-зайыптылар қуанғаннан тіпті не дерін білмей алғыс жаудыра берді. 
Ал 1,5 айдан кейін манағы келіншек әлдиін құшақтап, дәріxана сатушысына тәтті бәліш пісіріп әкеліп, раxметін айтып кетті.
"Бұл менің ең бақытты жұмыс күнім еді!"-дейді дәріxана сатушысы .