Бір жұлдызды құтқару...

Бір жұлдызды құтқару...
жеке
блог


 Аңыз

Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

 Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

  Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.