Адамзаттың ұлы өнертабыстары

Адамзаттың ұлы өнертабыстары
жеке
блог

     Айналамызда қоршаған әрбір заттың өзіндік шығу тарихы бар. Күнделікті өмірде көп қолданылатындықтан, біз оларды байқамаймыз. Оны қалай ойлап тапты, кім жасап шығарды, кезінде бұл дүниесіз адамдар қалай өмір сүрді деген ойлар келмейді. Өнертабыстар адамның өмірін жеңілдету үшін ойлап табылады. Ал, ендеше адамзаттың ұлы өнертабыстарына көз салайық!

     1. Автокөлік

Алғашқы автокөлік      Қолданыста кеңінен өріс тапқан бұл зат - ең ірі техникалық өнертабыс. Автокөліктер күнделікті өмірде өте көп қолданылады. Бұл арқылы адамдар саяхаттайды, жұмысына барады. Қысқасы, қолжетімді, жылдам транспорт.

      2. Ғаламтор

Ғаламтор

     Ғаламторды ойлап табу үшін ғалымдар көп тер төкті. Жаңадан байланыс құралдарын жасап, оны дамытып, соңында ғаламторды да ойлап тапты. Бұл өнертабыстың маңыздылығын өздеріңізде білесіздер. Ғаламтор болмаса, бұл мақала да болмас еді.

     3. Ұялы телефон

Ұялы телефон

     Небәрі 15 жыл бұрын біреуге қоңырау шалу үшін, жақын аралықтағы телефон будкаларын іздеуші едік. Ал қазір, ұялы телефон арқылы әркім жақын адамдарына қоңырау шалып, халін сұрай алады!

     4. Кино

Кино

     Ең алғашқы кинофильмдер түссіз және дыбыссыз болатын. Чарли Чаплин дыбыссыз фильмдерге түскен атақты актер. 

     5. Электрлі шам

Шам

     Электрлі шамды ойлап тапқанға дейін, адамзат түңгі уақытта майшам жағып отырған. Бірақ оның тез өшіп қалатыны әркімге мәлім. Адамдар тек жарқын күндері ғана іс-қимыл жасаған. Шамның болмауы адамның белсенділігін едәуір төмендетті. 

     Күнделікті өмірде электрлі шам ең керекті дүниелердің бірі.