Жасанды тіс-имплантат
жеке
блог

Жасанды тіс-имплантат

Тіс-ол адам күлкісінің ажары,қайнар көзі.Ажарлы 32 тісіміз орнында қалу үшін,қазір көптеген жағдайлар қарастырылған.Соның бірі-ималантат. Имплантаттың ерекешелігі ол протез секілді алынып,салынбалы емес.Имплантат туралы мәлімет алғыңыз келеді ме?

Имплантат-өз алдына жеке операция,ол үшін адам толықтай тексерістен өту қажет.Алдымен дәрігер ауыз қуысын рентгенге түсіріп алады,соған қарап операция орындалатын аймақты анықтайды.Себебі,жақ сүйек жанында орналасқан нерв тамырларына зақым келмеуі тиіс.Операция кезінде имплантат бекітетін орынды әзірлейді,осы кезде өте сақ болу қажет.Өйткені,барлық процесс дәл өлшеммен жүреді.Кейін тістің жасанды түбі-имлантат орнатылады.Ендігі кезекте,имлантат 4-5 ай көлемінде жақ сүйекке бекінеді,белгілі бір мерзім өткен соң міндетті түрде дәрігерге көріну қажет.Егер де имплантат салынған жер жазылса,қыш металдан жасалған тіс орнатылады.20 жыл көлемінде тісіңіз айдай сұлу,күлкіңіз ажарлы болады.

Ескертетін мәселе,жүкті әйел адамдарға,жүрек аурымен аурытан адамдарға,онкология аурына шалдыққан адамдарға мүлдем имплантат салуға болмайды.