жеке
блог

Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Қадірлі достар, Массагет отбасының бір мүшесі болғыңыз келсе, сізде мүмкіндік бар. Ұйымшыл ұжымда, төл тілімізді дамыта отырып, ел жастарының болашағы үшін еңбек еткім келеді десеңіз, түйіндемеңізді дайындаңыз. 

Қандай жастарды қатарымызға қабылдаймыз?

20-28 жас аралығындағы:

1. Фото, видео материалдарды кәсіби түрде түсіре алатын; 

2. Adobe Premiere Pro, Adobe Photoshop, Adobe After Effects бағдарламаларын бес саусақтай білетін; 

3. Сапалы мақала (репортаж, фоторепортаж) жазатын; 

4. Қазақ тілін (орыс, ағылшын және өзге де тілдерді білсеңіз, үлкен + болады) жетік меңгерген; 

5. Интернет журналистикадан xабары бар, шығармашылыққа бейім, креативті ойлайтын жанды қатарымызға қуана-қуана қабылдаймыз!

- Сурет сала алсаңыз, түйіндемеңіз 1-ші кезекте қаралады. 

Сонымен, жоғарыдағы талаптарға сай келсеңіз, түйіндемеңізді massaget.kz@gmail.com электронды поштасына "Түйіндеме" тақырыбымен жіберіңіздер.

Жас мөлшерін 20-28 жас деп көрсеттік. Бірақ, бұл жасыңыз одан үлкен немесе кіші болса, сізге жол жоқ деген сөз емес. Жоғарыда тізілген талаптарды кәсіби деңгейде орындай алсаңыз, сізге есігіміз ашық. Шын жүйрікке тұсау жоқ! Жас шектеуін қойған себебіміз, жаңаша ойлайтын, жасы шамалас маман іздеп отырмыз. 

Барлық сұрақтар бойынша +7 701 455 10 93 нөміріне xабарласуыңызға болады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Қарасай батыр 88.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі