Ақтөбедегі Махаббаттың көз жасына кім кінәлі?

Ақтөбедегі Махаббаттың көз жасына кім кінәлі?
жеке
блог


“Кітаптарымның барлығы суда қалды. Үкімет не қарап отыр? Барлығымыз енді үйсіз қалдық”,-деп көз жасын төгеді Ақтөбедегі Маxамбет ауылының кішкентай тұрғыны. Расында, кішкентай бүлдіршіннің көз жасына кім кінәлі? 

Қазақ су шаруашылық директоры “ҚазГидрометті” айыптайды:

“Маған қоймадағы суды неге ертерек жібере бермедіңіздер деген сұрақтар көп қойылады.Осынша енапат су келетінін білмей қалдық. Қанша су келетінін гидромет пен гидропост білмесе, біз қайдан білеміз?”,- дейді.
Әшейінде "сен тұр, мен атайындар" бұл сұраққа келгенде үнсіз. 
Қар суының тасқынын, Қасқалдақ көрмес. Бүгінде Ақтөбедегі 644 үй судың астында қалып, 1907 адам эвакуацияланған.  Баспанасыз қалған тұрғындар қазірде сегіз мектептің спорттық бөлмесінде орналасса, кейбірі әлі де үйсіз қаңырап бос жүр.Осыған дейін қамсыз өмір сүрген тұрғындар болған жайытқа әкімшілікке кінә тақса, әкімшілік : “ өзендердің жанындағы қауіпті аймаққа үй салған өздерің кінәлі ” деп шығарып салған. Бірақ, үй салуға берілген рұқсаттамаларында әкімшіліктің мөрі тұр. Қызық. Сөз жұмбақты бірге шешіп көрелік, жас қыздардың мектепке үй киімдерімен барып, сабақ оқуына мүмкіндігі жоқ екі партаға жүз қыздан шағып кезекте тұрғанына, бір әйелдің судың астында қалып жазым болғанына кім кінәлі?
Бұл судың мәселесі Ақтөбенің ғана емес, басқа да Қазақстан төңірегіндегі елдердің жауырынан жел өткізді. Қарағандыдағы Қопа өзені де арнасын бұзып шыққан. 63 миллион қаржы жұмсалған 9 метрлік бұғат тұрғындардың айтуынша қазір топырақ күйінде жатыр. Сонда, салған жұмыскерлер кең балақ, жалпы етек пе әлде біреулердің қалтасының қалындағаны ма?

Судың ашуы басылған соң, арнайы комиссия үйлердің шығынын есептеп, көмек көрсететі дейді-міс. Бірақ, жегіні жеген түрғындардың моральдық шығынын кім өтемек? Осы судың мәселесі жыл сайын көтеріле бермек пе?  Бұл сұрақтың жауабын қайдан аламыз? Қағаз ретіндегі әкімшіліктің мөрін қайтеміз, іс жүзінде бұғаттар топырақ болып үгітіліп жатса? Сұрақтар көп, жауабы жоқ. 

Ақтөбедегі кішкентай Махаббаттың зары - бүкіл баспанасыздардың көз жасы. Мен жұмбақтын шешімін әркімнің санасында қалдырдым. Өзім  “ Әр жапа шеккен кішкентай бөбек баспаналы болсын. Әмин.” ,-деп дұғамды тіледім де қойдым. Басқа шара бар ма?