Қазақстан немесе Qazaqstan
жеке
блог

Қазақстан немесе Qazaqstan

” Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, Ең алдымен өз тіліңді дұрыста”, - дейді халық даналығы.  Елбасы жолдауындағы “латын ғаріпіне көшу” мәселесі қоғам санасында екі түрлі пікір тудырғандығы рас. 1926 жылы Қазақстандағы араб әліпбиі 20 күннің ішінде латын ғаріпіне ауысып, орыс боданындағы Сталиндік саясатпен 1937 жылдан бастап 1940 жылға дейін бүгінгі кириллицаға көшу үрдісі болғандығы мәлім.  Ендігі әліпбиімізді қайта латын ғаріпіне көшірудегі ақ пен қараның жігін ажыратсақ:

Біріншіден, Ахмет Байтұрсынов қалап кеткен қазақтың төте жазуы (Ә, І,Ң,Ғ,Ү,Ұ,Қ,Ө,Һ) жоғалмақ. Десе де, латын ғаріпіне көшсек, ондағы орфоэпиялық заңдылықтар  сақталынады. 

Екіншіден, қазақ тіліндегі кітап қорын түбегейлі латын ғаріпіне  көшірудегі қиыншылық. Дегенмен, көне түркі әдебиеті өкілдері- Орхон ескерткіштерінің мәтіні, “Оғызнама”, Жүсіп Баласағұнның “ Құтты білігі”,  Қожа Ахмет Яссауидің  “ Диуани хикметі ”, Хорезмидің  “ Махаббатнамасы” және тағы да басқа әдеби құндылықтар кириллицаға тәржімаланып, осы күнге дейін сақталып, қайрауы жеткен. Бұл- ұлттық, тарихи ескерткіштер ұмыт қалмайтындығының дәлелі.

Үшіншіден,қоғамның екіге ажырауы. Тарихшы Дос Көшім айтқанындай: “Баяғы Сыртқы Істер Министрі Ерлан Ыдырысбайдың :” Менің басымды ауыстырып тастамасаңдар, мен қазақ тілін үйренбеймін”дегені сияқты дәл сол қалып қалады. Қоғамның бір бөлігі орыс тілін дәріптейтіні анық. Онымен күресу үшін заң қабылдау керек”.

Латын тілі- инновация тілі. Дүниежүзінің 80%  латын әліпбиін қолдануда. Көрші, түркі қандастарымызбен латын ғаріпіне көшу арқылы бір табан жақындап, өркениетті елдер қатарына енсек, дұрыс болғанымыз. Ал, кириллицаның жетегімізден қалмай, екі әліпбидің ортасында қалсақ, құрығандығымыз емес пе? Елбасының Жолдауында латын әліпбиіне 2025 жылға дейін көшу арқылы қазақстандықтардың  95%-ы қазақ тілін білуі тиіс екен. Тек, тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтін- мәңгүрттіктен сақтансақ, аталған қиыншылықтарға да төзуге болатын сияқты.