АҢСАТСА СЫР ӨҢІРІ
жеке
блог

АҢСАТСА СЫР ӨҢІРІ

Сырдарияның сол жағалауын бойлап демалып  келе жатсаңыз назарыңыз көк зеңгірге ұмсынып желбіреп тұрған еліміздің көк туын көресіз. Демалысқа аса қолайлы жерде орналасқан ту тұғырының биіктігі 60 метр. Таза ауамен тыныстап, жанға жайлы жерде қазақ болғаныңа мақтанып талай жыр жазуға таптырмас орын. Сырдарияның екі жағасы қазақ көзінің ағы мен қарасындай болып жатыр. Оң жағалауда орналасқан Тұңғыш президент саябағы әсем қаланың мақтанышы десек те болады. Әсіресе, күн қызарып ұясына батқан сәттерде аталмыш орын ғажайып кейіпке ие болады.

Тұрғын халықтың біршамасын құрайтын студенттердің бас қосуына таптырмас орындардың бірі әрі бірегейі  - Студенттік арбат. Бұл жердің басты ерекшелігі жастық жалындары көзінде ойнаған жастармен теңестірілген мәңгі жасыл талдар өседі. Сондай-ақ, арбат жүргіншілер жолағы көп жерде орналасқан.

Қаланың жанға рахат, көңілге қуат сыйлайтын орындарын тізе берсек, тіземіз талады. Себебі, ондай жерлер қалланың әр қырында бар. Басқа өңірден келген болсаңыз міндетті түрде аталған жерлерді аралап кеткеніңіз

жөн.