Қарымды қалам иелері-Сыр өңірінде
жеке
блог

Қарымды қалам иелері-Сыр өңірінде

      Дәл қазір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универитетінде жоғары оқу орындары студенттері арасында журналистика маамандығы бойынша дәстүрлі ІХ республикалық пәндік олимпиада өтуде.  Білім сайысына республиканың әр өңірінен 13 жоғары оқу орнынан  жалпы саны 36 білімгер бақ сынауда. 

     Болашақ журналистер алдымен оқуғимаратында орналасқан"Археология және этография", "Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан" оқу-көрме залдарымен танысты. Сыр өңіріндегі тарихи мекендер туралы мол мағлұмат алып, тұңғыш президенттің Қызылорлдаға келген сапарнан фотогалерия арқылы хабардар болды. Сондай-ақ, студенттер олимпиада шеңберінде білім ұясындағы "физика-химиялық талдау әдістері" инжеренлік зертханасында болды. 

     Түстен кейін поэзияға құмар жастар оқу орнындағы журналистика мамандығының 20 жылдық мерейтойы аясында жас ақындар-4курс студенттері Мақсат Дауылбай мен 2 курс студенті Бақытбек Сұлтанбейбарыстың шығармашылық кешіне қатысты.

    Айта кетейік, Сыр бойындағы Қорқыт баба атын иемденген 80 жылдық тарихы бар осынау айтулы университет былтыр ғана әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен  VIII пәндік олимпиадада 1-орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қызылордада өткізу құқын жеңіп алған болатын.

                                                                   Қожа Ахмет Ясауи атындағы

                                                               халықаралық қазақ-түрік университеті   

                                                               "ТҰРАН" тобы