Beeline және Google
жеке
блог

Beeline және Google

Beeline Қазақстан мен Google Қазақстанда DCB (direct carrier billing) амал-шартының ашылды. Енді Beeline абоненттері Google Play Market дүкенінде емін-еркін сауда жасай алады. Ақылы қосымшаларды ұялы телефон теңгерімі арқылы сатып алуға болады. Қызметті Android 2.3 және одан жоғары операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондарда қосуға болады.

Күн сайын Google Play өз қолданушыларының назарына әр түрлі ойындар, музыка тректері, кино, кітаптар, журналдар, қызықты танымдық 34 санаттағы қосымшаларды ұсынады. Beeline Қазақстан осы бағытта Google-мен серіктес болған Қазақстандағы бірінші оператор. Ақылы қосымшаларды алу үшін міндетті түрде банк картасының болуы қажет емес. Бастысы, теңгерімдегі төлемге қажетті қаражат болса жеткілікті. Beeline мобильді теңгерімінен Google DCB-де төлеуге болатын ең жоғары сома – 30 000 теңге. Комиссия 0 теңге.

Beeline мобильді теңгерімінен Google Play-де төлеу үшін, клиентке келесі екі жолдың бірі арқылы «Beeline шотынан төлеу» төлем жүйесін қосу керек:

1-әдіс:

  1. Google Play-ге кіріп, қапталдағы мәзірден «Менің аккаунтымды» таңдау керек.  

  2. «Төлем әдісін қосу» бөлімінде «Beeline шотынан төлеу» әдісін таңдап, «Сақтау» пернесін басу керек.

  3. Төлем әдістерінің қатарында «Менің Beeline шотым» амал-шарты пайда болады.

 2-әдіс:

  1. Google Play-ге кіріп, сатып алғыңыз келетін контентті таңдау керек

  2. Контенттің бағасы бар пернені басу қажет.

  3. Қосымша қосылуға рұқсат сұрайды. «Қабылдау» пернесін басыңыз.

  4. Ашылған терезеден «Менің Beeline шотым» төлем әдісін таңдаңыз да, «Сақтау» пернесін басыңыз.

Кейінгі сатып алу кезінде Beeline шотын таңдап, «Сатып алу» пернесін басу жеткілікті. Видеонұсқаулықпен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз:



Толық ақпарат: www.beeline.kz