Психолог болу оңай ма?
жеке
блог

Психолог болу оңай ма?

Психология- адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интелллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кейде адам мінез құлығын зерттеу деп те анықталыды. Осы орайда, мен журналисттік зерттеуімді психолог мамандығынан бастадым. 

Психолог кабинетінде отырып байқағаным, қоғамда қалыптасқан басты стереотип бар. Көпшіліктің пікірінше, психологтың кабинетіне тек санасында ахаулары бар, белгілі бір аурумен ауыратын адамдар келеді деседі. Алайда, бұл олай емес, себебі психологтың кабинетіне өмірде бір қиындыққа тап болып немесе тіпті ішкі қуанышымен не мұңын кіммен бөлісерін білмей, шешімін таба алмай жүрген адам кеңес алу үшін келеді. Қоғамдағы "психологқа" қатысты қате пікірді түзуде расында да науқастарды емдейтін психиатор атауының әсері бар. Байқағаным, психологтың алдына келген адамдардың көпшілігі "маған сіздің ақылыңыз керек емес, мен өз мәселемді өзім шешуге қауқарлымын" - дейді. Сол себепті де, психологтардың пікірінше, психологтың алдына келіп, шер тарқатып, қажетті ақпаратты алып кеткен адамды "батыр" десек те болады екен. 

Біріншіден, психолог кабинетіне көп адам келмеді, тек арнайы жасақталған орта жас адамдарымен тренинг жұмыстары өткізілді. Олардың ішінде, 6 әйел адам, 2 ер адам болды. Осыған қарап та, ер адамдардың ұятшақтығын, тек қана жұмысқа барып келіп демалыс туралы көп ойламайтындығы туралы біле аламыз. Негізі, келген клиентпен жұмыс істеу оңай емес екен, өйткені адамдардың мінезі тез құбылып ,бірден шап беріп жауап қатып қалатын кездері көп кездесті. Міне сол себепті де, психолог жұмысының басты қағидасы қандай жағдай болса да клиентті күлімдеп қарсы алып, қажетті ақыл-кеңес беріп шығарып салу. 

Екіншіден, психолог жұмысын зерттеуде қоғамның пікірін білуді жөн санадым, яғни әлеуметтік тәжірибелер жасадым.  Ең алғашқы тәжірибе көшеде ауру адамның кейіпін тангытып, қиналғандай түр жасау болды. Осы бақылау жұмысында, 18 минутта маған 6 адам келіп көмектесуге ниет білдірді. Бірақ, мен арнайы адамдар өте көп жүретін жерде жүрген соң бұл көрсеткішті аз деп есептеймін. Олардың ішінде, 2 адам орта жастан асқандар, ал 4-еуі жастар болды. 

Үшіншіден, адамдардан қаржылай көмек сұрау. Демек, бұл жерде, мен ямиянымды жоғалтып алған адам болып , сөмкемді ұрлап кетті деп айтқан болатынмын. Ал, адамдардан үйге қайтуға ақша сұрағанда "жоқ, бере алмаймыз" деген жауап көбірек естілді. Жалпы саны 12адамнан көмек сұралды, соның 5-еуі мүлдем көрмеген секілді түр жасады, 2-еуі мені екіжүзді алаяқ деді, қалған 4 адам маған көмек көрсетті. Олардың 3 ер адамдар, 1 әйел адам болды. Осыған қарап та ер адамдардың сенгіштігін, қолы ашық екенін білуге болады. 

Төртінші, психологиялық тест. Эма, гот, рок стильде киініп қоғамдық ортада жүру. Әлбетте , адамдардың көзі маған бірден түсті. Кейбірі, жанындағыға белгі берсе, бірі бетіме қарап ойларына келгенді айтып кетті. Ал  көпшіліктен осында йкиіммен жүргенге қалай қарайсыз дегенде, 55-60% жуығы "жоқ, біз қазақпыз" - деген пікір білдірсе, 40 % жуығы бейтарап қарап, заманның өзгергендігін алға тартты.

Жалпы, үш әлеуметтік тәжірибені жасай отыра, көпшіліктің бірдеңеге алаңдаулы екендігін байқадым. Өйткені , адамдар ашушаң болып, бірден шап беріп жауып беріп , зекіп тастап отырды. Адамдардың бойындағы осындай өзгерістерге әлеуметтік жағдайдың төмендігі, қаржылай қиындықтар, қатынастарға қатысты мәселелердің болы да себепкер болуы мүмкін. Ал, оларға жақсы тілек айтып, сыйлықтарды таратқанымды сәл де болса күлімсіреп жағымды әсер алып қалды. Соныдықтан, бір-бірімізге жақсы сөздер атйға қысылмайық, әрдайым көңіл - күйімізді көтеріп жүрейік. Психолог болу да оңай емес екен.