Журналист - төртінші билік иесі!
жеке
блог

Журналист - төртінші билік иесі!

"Информбюро" тілшісі, "Халық капитал" айдарының жүргізушісі, журналист Жанар Жолтаевамен сұхбат.

-Ең алғашқы эфиріңіз қашан болған?

-Ең алғашқы эфир деп 10 жылдық практикам бойынша айтар болсақ,алғашқы эфирім 10 жыл бұрын болған.Информбюро редакциясында Шыңғыс ағаймен демография жайлы сюжетке шығып,алғашқы рет түсірілу барысын,журналистің репортажды қалай дайындайтынын көріп,тәжірбие жинақтап,офисқа келгенде Шыңғыс ағай:«Енді осы материалды өзің жазып,дауыстап оқы жәнеең соңында өз аты-жөніңді айтуға рұқсат»,- деген болатын. Ең жауапкершілігі мол сәт деп сол кезді айтсам болады.Мәтінін жазып шығарып,кешкісін жаңалықтардан көргенде жүрегім жарылып кетердей қуанып,риза болғаным бар.Себебі, өзіңнің дауысыңды алғаш рет телевизиядан есту ол-әрбір журналист үшін өте кермет сәттердің бірі шығар.Сол кездер есімде. Ал «Жеке капитал» айдарына келер болсақ, бұл айдардың шыққанына 2 жылдай болып қалды. Үзіліспен шығып жүр.Алғашқы айдарлармен салыстырғанда жер мен көктей.Қазіргі сапа,визуалды картинкасы,графиканың сапасы барлығы жүз есе өсті десек те болатын шығар.

-Әріптесіңіз Әнуар Кәрібозов «аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін тіс қаққан мықты мамандардың ортасында жүрмін» деді.Өзіңізді осы талаптарға саймын деп ойлайсыз ба?

-Журналистер негізі өте қарапайым адамдар болады. Өзін мақтап,әсерлеп айтқан артық шығар. Бірақ та негізі,жаңалықтарда жүрген соң көп нәрсені көріп,біліп,әбден пісіп қаласың. Телевизия саласында сауық сайран бағдарламалары және  одан да бөлек әртүрлі бағдарламалар  кездеседі.Солардың ішінде ең күрделісі ол – жаңалықтар.Жаңалықтарда қайғы да,мұң да болады.Көбінесе жаңалықтардың 70% -ы негатив.Информбюроның позициясы баршамызға белгілі.Біз өзекті ақпаратты жеткізуге тырысамыз,мақтап,мадақтаудан алшақпыз.Сондықтан ақпараттың өткірі де,қуаныштысы да болады.Өмірдің ащы шындығын көзбен көргенде маман ретінде ғана емес, адам ретінде де өсесің.Осы жаңалықтарда өткерген бір жыл,қарапайым адамның өткерген он жылындай болатын шығар.

-Ең алғашқы түсірілімге барып, оқиғаларды өз көзіңізбен көрген кезде қандай сезімде болдыңыз? Абдырап қалмадыңыз ба?

-Жоқ! Мен реалист адаммын.Бізде ақпарат ағымы жылдам ғой.Біз күн сайын миллиондаған мәлімет аламыз. Біреуін көріп жатсақ,біреуін жазып жатамыз.Солардың ішіннен реалистік тұрғыда қарап,профессионал маман ретінде өзіңе мінддеттелген жұмысты керемет жасап шығуың керек.

-Жас журналистерге ақыл кеңесіңіз...

-Журналистика күрделі ғылым емес.Ол биология,химия,физика емес.Бұл жерде нақты ғылым жоқ.Сондықтан көп уақытты университет қабырғасында білім алуға жұмсау қажет.Сабақты жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік көп.Жұмысқа барынша ерте араласуға кеңес берер едім.Елімізде журналистер дайындайтын жоғарғы оқу орындары өте көп.Сол үшін бәсекеге қабілетті маман болуға талпынған жөн.