«Digital Life» мобайл білім беру жөніндегі шеберлік сабақтары

«Digital Life» мобайл білім беру жөніндегі шеберлік сабақтары
жеке
блог

«Кселл» компаниясы мобайл білім беру жөніндегі «Digital Life» ауқымды жобасын іске асырудың екінші жылының қорытындысын БАҚ өкілдеріне жариялады. Екі жыл ішінде оған Қазақстанның 16 қаласынан барлығы 6 200 адам қатысқан. Мобайл медиа, мобайл қауіпсіздік, мобайл білім беру, мобайл мемлекет, мобайл бизнес және басқа да тақырыптар бойынша 230 тегін мастер-класс өткізілген. Мастер-кластар туралы «Кселл» компаниясының әлеуметтік желілерінде жарияланған.

«Digital Life» жобасы ұйымдастырушыларының* міндеті қазақстандықтардың смартфондар мен мобайл қосымшалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы білімін арттыру болған. Мастер-класс тыңдаушылары – мектеп оқушылары мен ата-аналар, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналистер мен блогерлер. Сонымен бірге зейнеткерлер үшін «Апашки, аташки и смартфон» атты курс арнайы ұйымдастырылды, оған қатысушылар смартфон қолдануды, мессенджер орнатуды және әлеуметтік желілерде әңгімелесуді үйренген.

Зейнеткерлер көп қолданатын мобайл қосымшалар WhatsApp пен «Шахматы» болып шықты. Студенттерді бәрінен бұрын Udemi, Coursera және British Council оқыту бағдарламалары қызықтырады. Кәсіпкерлердің «Бизнеске арналған әлеуметтік желілер» және «TeamWork жобаларды басқару жүйелері» мобайл қосымшаларын көп қолданатыны байқалған.

«Барлық адамға арналған білім» - «Кселл» компаниясының әлеуметтік жобаларды іске асырудағы шешуші ұстанымы. Бұл біздің барлық ниет білдірушіге өзін-өзі дамыту мен білім алуға мүмкіндік беретін құралдар мен мобайл технологияларды таңдайтынымызды білдіреді. Біздің мобайл білім беру жөніндегі курстарымыз бұл мақсатқа толық сай келеді. Оларға кез келген адам қатыса алады, курстар тегін және Қазақстанның барлық ірі қаласында өтеді. Біз қазақстандықтар білім алу, кәсіп жүргізу, денсаулықты нығайту және жай ғана қарым-қатынас жасау үшін өз смартфондарының бар әлеуетін пайдаланса екен дейміз. Біз айтарлықтай шамада мұны іске асыра алдық деп ойлаймын», - деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

P.S. Жобаны тыңдап отырып, "неге ертерек білмегем?" деген ой келді. Мамам мен папамды қатыстыратын едім. Өзім үйреткеннен гөрі мына жерде көбірек ақпарат алып, бәрін жақсы біліп шығар еді деген ой келді. 

Сурет Роман Дементьев