Журналистика

Тұрақты даму журналистикасы - дуалдыоқыту жүйесін талап етеді

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінде «Тұрақты даму мақсатындағыхалықаралық журналистиканы оқытумодельдері» тақырыбымен өткізілгенхалықаралық конференцияда БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар отандықжәне әлемдік журналистиканың даму үрдістерінжәне таяу болашағын талқылады.

Аталған конференция IV Халықаралық Фарабиоқулары және БҰҰ академиялық ықпал Хаббағдарламасының аясында Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен журналистика факультетінде биыл екінші рет өткізіліп отыр. Конференцияға қатысқан ЕҚЫҰ, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы, "MediaNet" Халықаралық журналистика орталығы, «Түркі тілдес журналистер қоры» ҚҚ, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы өкілдеріҚазақстандағы журналистік білім берудің маңыздымәселелерін, тұрақты даму мақсатындағыміндеттерін айқындауға тырысты. Тұрақты даму саласындағы 17 мақсаттың төртіншісі әрі басымбағыттардың бірі ретінде белгіленген сапалы білімберу бағыты жиынның негізгі өзегіне айналды. 

Қазіргідей сандық, мультимедиялықинтерактивті коммуникациялық технологиялардәуірінде халықаралық деңгейде журналистердайындау, оқу бағдарламаларының сапасы аса өзекті мәселеге айналды. Тұрақты даму мақсатындағы журналистика объективті, толыққанды, жан-жақты ақпарат берумен қатар, экология, теңсіздікті қысқарту, климат өзгерісі, қоршаған орта т.б. мәселелерді журналистерден өздеңгейінде, сауатты жазуды қажет етсе, ақпараталмасудың жаңа әдіс-тәсілдері дамып, жаңамедианың ел өміріне дендей енуі ақпаратберушіден сапалы контент түзуді талап етеді.Телекоммуникациялық, компьютерлік және хабар тарату технологияларының өзара қызметікоммуникациялық ортаны жетілдірді. 

Қазақ ұлттық университеті қызметінің басымбағыттары ретінде білім беру қызметінің сапасынарттыру, ғылыми-зерттеу және инновациялыққызметті дамыту, жаңа ақпараттықтехнологияларды  енгізу анықталды. STEM-білімберу жаңа технологиясы енгізілді. Әлемдегібәсекеге қабілетті жетекші ЖОО білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу бағдарламаларынжетілдіруді мақсат етеді. Дуалды оқыту, яғни, біліммен өндірістің тиімді ықпалдасуы, оқубағдарламаларын түзуде жұмыс берушілердіңталап-тілегін ескеру аталған басым бағыттардыңөзегін құрайды.

"Қазақ газеттері" ЖШС Бас директоры, Редакторлар кеңесінің төрағасы Ж. Кенжалинқұрылғанына 20 жылдан астам уақыт болғанЮНЕСКО, халықаралық журналистика жәнеқоғамдық медиа кафедрасының оқу үдерісінұйымдастырудағы, инновациялық технологиялардыбілім беру ісінде қолданудағы аяқ алысын бағалайкеліп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Халықаралық журналистика мәселесінің қазақтопырағында кеше немесе бүгін ғанакөтерілмегендігін, қазақ тіліндегі тұңғышгазеттерде ("Түркістан уәләятының газеті, "Дала уәләятының газеті") сондай-ақ "Қазақ" газеті, "Айқап" журналдарында қозғалып, журналист бабаларымыздың ғаламдық мәселелерді көтеріп, талқылағанын атап өтті. "Қазақ газеттерінің" журналистерді баптап, тәрбиелеуге қосқан үлесінайта келіп, "Ақиқат", "Мысль"  журналдарындажурналистік білім беру сапасы мәселелерінің жиіжазылатындығына тоқталды, студенттердіңлабораториялық жұмыстарын осы журналдарбазасында өткізсек деген тілегін білдірді.

"Қазақстан 2050" стратегиясы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы, 5 институционалдықреформасы ҚР БҰҰ қызметінің "Даму мақсатындағы әріптестік" (PFD) 2020 жылға дейінжүзеге асырылатын бағдарламасында көріністапты. ҚазҰУ академиялық ықпал бағдарламасыбойынша тұрақты даму саласында UNAI-хаб  болаотырып, көшбасшы ретінде танылды жәнеҚазақстандағы 20 ЖОО жұмысын үйлестіреді, әлемдегі 3500 ЖОО-мен байланыс жасайды", - дейкеле, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросыныңкоммуникация және ақпарат бағдарламасыныңмаманы С. Карпов тұрақты даму мақсатындағыБАҚ қызметіне, пікір еркіндігіне, коммуникация сипатына тоқталып, бейбітшілікке негізделген 16-шы бағытына баса көңіл бөлді. БАҚ дамуысаласындағы жаңа жобаларға ерекше тоқталды. 3-мамыр дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнінеорай ұйымдастырылатын шараның осы конференциядан бастау алып отырғандығын айтакеліп, ұлттық универсиеттің академиялық ықпалетудегі рөлін атады. 

Астанадағы ЕҚЫҰ Кеңесі бағдарламасыныңсаяси мәселелер және БАҚ бойынша ұлттықүйлестірушісі М. Дубовицкая журналистердіңқұқықтық сауаттылығын, білім беру әдістерін үнеміжетілдіру қажеттілігін тілге тиек етті, қазақ тілінеаударылған оқу бағдарламасының маңызынатоқталды. 

"Қазіргі таңда ертеңгі ел басқаратын жастардыңсанасын блогерлер қалыптастыруда. Біз білетінотандық блогердің 11 миллион жазылушысы бар. Ақпараттық ортада маңызды ақпарат беріп, бәсекеге төтеп беруге қабілетті болуымыз керек", - деді "MediaNet" Халықаралық журналистика орталығының директоры А. Жалилов.

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығынқорғау ұйымы құқықтық сауаттылық бойыншажурналистердің білімін жетілдірумен айналысыпкеледі. Аталған ұйымның сарапшысы Ғ. ӘженоваБАҚ туралы Заңдағы журналистердің жұмысынедәуір қиындататын өзгерістерге алаңдаушылықбілдірді.

Жиынға қатысқан Н. Жоямергенқызы («Түркітілдес



Бөлісу: