Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жақсының бәрі жақсы емес

Жақсының бәрі жақсы емес

Жақсының бәрі жақсы емес

Сенімнің күшімен дүниені үлкен өзгерістермен төңкеруге  болады. Алайда, сенімнің шегі мен тепе-теңдігі бар. Осы жазбада оқырман жанына  шектен тыс сенімді және шектен тыс сенімсіз  болу туралы өзімнің жеке пікірімді ұялатқалы ниеттемін.
Адамдық – шектеумен демек, дүниедегінің бәрінде шектеу бар. Шектеу жақсыға да, жаманға да бірдей қамтылады. Сенім күші өте зор болғанымен, оның да шегі бар. 
Айталық, аса қатты сенімді адам паң мінезді тәкәппар, ақымақ болады. Ақымақ жүрегі тілінде дегендей орынсыз сөйлей беріп қоғамға жағымсыз әсер қалдырады. Ал керісінше, шектен тыс сенімсіз адам жалқау, жігерсіз әрі көбінесе ашулы болады.
Гармонияны мұрат ету даналар айтқан рухани байлыққа жетеді. Ал ондай адам қалағанның бәріне иеленеді. Сенімсіз болып өзіңді шектеуге болмайды, ал шектен аса сенімді болу қоғамның кері әсеріне алып келеді. 
Мысалға, актуалдысын алсақ, ҰБТ-ға дайындалу өмір дәмін сезіп жатқан түлектердің ортақ проблемасы. Көбінесе сенімсіздік тараған. Тестті жаттау қиын дейді. Айтарым, тестілеуге дайындалу қиын ба, басқалар істегенді істей алмаған адамның өзі "қиын" ба? 
Ал аса сенімді болып, дайындалудың орнына "уақыт бар ғой" дейтіндер де бар. Әрқашан бейберекет болатындығынан қалыпты дайындықтан бас тартады. Айтарым, еңбексіз "жеңбек" болады ма?
Екі жағдайда да жақсы болмайтыны анық.  Терең ойланып бізге не керегін түсіне алсақ, сол жақсы. Әрдайым гаромниядағы адам, қандай жағдай болмасын, соңы жақсы болатынын біледі. Себебі, қараға жамылған түннен кейін, уақыты келгенде, шуақтап атқан таң ауады. 
586 4
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 11 сәуір, 22:44
Тегтер: өмір дәмі, дайындық, қиындық, еңбек, блог, түлек проблемасы, ЕНТ, ҰБТ, жастардың проблемасы неде?
Пікірлер
+0
17 сәуір, 22:06

Дұрыс айтасыз!!!

+0
22 сәуір, 20:40

Философияғы ебі бар жан секілдісіз. Ол үшін қуаныштымын. Ал ҰБТ-ға келсек, өз ойым, пайдасыз нәрсе.

+0
28 сәуір, 12:16

Дұрыс-ақ екен, бірақ ҰБТ деген тек бергі жағы ғой. Қиындықтықтар әлі алда...

+0
14 мамыр, 09:29

"ақша тапшылығы, уақыт тапшылығы, сатқындық, күншілдік, қызғаныш, жарыс, оқу, үлгермеу " Мектеп табалдырығының арғы жағынан көрінетін сүттің бетіндегі көбігі осындай))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев