Смартфонның зиянынан пайдасы көп!)
жеке
блог

Смартфонның зиянынан пайдасы көп!)

  Біз білетін, қадір тұтатын, күнделікті жанымыздың серігі ол әрине- анамыз, бірақ біздің тақырып смартфондар жайлы. Аналарға үлкен құрмет білдіре отырып  тақырыпқа ауыссақ.
   Әдетте смартфон жайлы теріс пікірлер көптеп айтылып жатады, яғни смартфон адам ағзасына зиян, адамның санасын улайды тағысы тағы..
Менің ойымша оның бәрі адамға,  сол тұлғаның өзіне, қабылдау дәрежесіне байланысты. Смартфон түрлі дерттердің тасымалдаушысы, адам санасын улайтын тегін айла. Сол айланың құрығына түсіп қалмау үшін адам қорғана білуі, яғни бар кінәрәтті ұялы телефонға артып қоймай қорғану жолдарын қарастыру қажет. Оның қарапайым жолдары
 Смарфонды шеттен тыс қолданбау
 Тек қана керекті кезде ақпарат алмасу 
 Бүлдіршіндерді бір мезгіл алдаусыратамын деп теріс ойламау
 Белгілі бір ережелерді сақтау (көзді арақашықтықта қорғау, қуаттау процесінде пайдаланбау т.б)
 Еріккеннің ермегіне айналмау!  
Дәл осы ережелер қатарын орындап жүрген болсаңыз онда сіз өзгеше тұлғасыз.) Осы тұста көптің айта бермейтің смартфонның пайдасына тоқталсақ..
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып- жұмғанша ,
Жылдам хабар алғызды- осы өлең шумақтары ұялы телефонға арналған секілді. Смартфонды әдетте адамдар жұмыс үшін, хабар алмасу үшін, көңіл көтеру мақсатында, кейбірі  ермек үшін пайдаланып жатады. Ал сіз қандай мақсатпен тұтынасыз, сізге оның пайдасы көппе әлде айтарлықтай зиянын тигізіп тұрама? (сауалға  төменде жауап берейік! )  Белгілі бір жағдайда смартфон көмегіне жүгінетін сәттер көп, күннен күнге ұялы сымтетік дағдарысы өрбіп келеді. Қолдануға ыңғайлы заманауи гаджеттер смартфон жүйесінде іске асып отыр. Ал сіздің смартфонға деген көзқарасыңыз қандай? Ең алғаш қандай маркалы телефон қолдандыңыз?