Журналист мамандығын өзгертсе...
жеке
блог

Журналист мамандығын өзгертсе...

 

Актёрлік өнер жайында не білеміз?

 

Актерлік өнер — адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ(кейіп) жасау өнері.

 

Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған актерлік өнер жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім т.б. қолданылатын. Бертін келе актерлік өнердің балетте — бимен, операда — әнмен, ал драма театрында — сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. Актерлік өнердің “таза түрі” де бар, ол — пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды, мұнсыз актерлік өнер де жоқ. Сондықтан пантомиманы актерлік өнердің негізі деп қабылдаймыз. Актерлік өнердің өзіне тән маңызды ерекшелігі бар. Мысалы: кескіндемешілер кенеппен, бояумен, мүсіншілер гипс, мәрмәр, ағашпен жұмыс істейді. Ал актердің жұмыс құралы — өзі, яғни жүрісі, қимылы, мимикасы, үні және психикасы. Сондықтан актер үнемі қимыл ептілігін, дауыс мүмкіндігін жетілдіруге тырысады, грим техникасын үйренеді, ең бастысы іштей түрленуге тырысады. Актерлік өнерде ізденуді образдың сомдалуынан бөліп алуға болмайды. Актер мен образ бірігіп кеткендей әсер қалдырса, актерлік өнердің табысты болғаны. Коңқайды Серке Қожамқұлов ойнайтынын жұрттың бәрі біледі, бірақ Қоңқай—Серке сахнаға шыға келгенде көрермен өткен ғасырда өмір сүрген түйсіксіз надан Қоңқайға деген ызасы мен мүсіркеуін жасыра алмайды, өйткені сахнада Қожамқұлов емес, Қоңқай тұрады. Актерлік өнердің бір құралы — тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен режиссердің артқан міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің еркіндігінен көрінеді. Қазақ театрында оның классикалық бір түрін 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте Қ.Жандарбеков көрсетті. “Қыз Жібек” операсында Бекежан рөлін ойнап жүрген актер кезекті бір көріністе даусының жетпей қалатынын байқап әнді шырқай көтерудің орнына қарқылдап күліп жібереді де, әрі қарай нотадан шықпай әнін жалғастырады. Бұл әрекеттің сәтті тапқырлық болғаны сонша, кейін Бекежан рөлін орындаушылардың бәрі осылай айтатын болды

Премьера — тек қана істің нәтижесі емес, ол жасампаздық еңбектің жалғасы, шарықтау шегі. Актер көрермендер алдында жұмыс үстінде, ол әрбір спектакль сайын жаңарып көрінеді. Актер мен образ бірігіп кеткендей әсер қалдырса, актерлік өнердің табысты болғаны.

Актерлік өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мысалы: айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер. Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде актерлік өнердің элементтері жатыр.

     

 

Актёр деген кім?

 

Актер (фр. acteur, лат. аctorорындаушы сөзінен) — драмалық спектакль мен кинофильмде рөл орындаушы. Балет, эстрада, цирк ойын-сауығы мен опералық спектакльдегі рөлдерді орындаушыны көбінесе әртіс немесе әнші-әртіс деп те атайды.

 

Театрлық актёр мен кино актёрлерінің айырмашылығы бар ма?

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

 

Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

 

Театрлық актёр мен кино актёрлері бір қызмет атқарғанмен, әртүрлі аудиториямен жұмыс істейді, ережелері мен шарттарында өзгешелік бар. Салыстыратын болсақ, біріншіден, кейіпкер мінезі. Егер кинода, сахналық көрініс өзгеріп отырса, яғни бірінші соңғысын түсіріп, одан кейін біріншісін түсірген кездер болады, бұл кезде актёрге бір эмоциядан екінші эмоцияға өту қиынға соғады, ал театрда бәрі сахналық көріністер өз кезегімен болады.

Екіншіден, егер кинода актёр импровизацияға жол бере алса, театрда олай емес, себебі егер, танымал қойылымды ойнап жатқан кезде, өз сөзіңізді қосқан жағдайда, халық қателікті табуы мүмкін.

Үшіншіден, бәсеке. Егер кинода рөліңізді сомдаушы жалғыз сіз болсаңыз, сізді бұрын соңды тура сол кейіпкерді ойнаған адаммен салыстыра алмайды, себебі кино бір рет түсіріледі, ал  театрлық қойылымдар ғасырлар бойы, жылдар бойы қайталанып қойыла береді. Сол себепті, әрбір театрлық актёр өзінен бұрын сол рөлді сомдаушыға қарап түзеледі, бәсекеге түседі.

 

 

 

 

 

 

Актёр болу қиын ба? (өз тәжірибемнен)

 

Мен бір ай көлемінде басты рөлді сомдап, актёрліктің қыр-сырымен танысқаным соншалық, түсірілімге дейін және кейін

 актёрлікке көзқарасым өзгерді.

Бір ай көлемінде, тіпті, үйімді, жақындарымды көруге мұрша болған жоқ, сенесіз бе? Таңғы 5,6-да тұрып, түнгі 2,3-те кету – түсірілім барысында, мен үшін, бір соққы болғандай. Бір түсірілім кезінде, біз 29 сағат түсіргеніміз – актёр болудың қаншалықты қиын екеніне нағыз дәлел болғандай…

  

 Бұрын соңды, яғни өзім актёр болмағанға дейін, кейбір өнер адамдарының сұхбаттарын оқып, «Актерліктің несі қиын?, Келесің де, ойнай саласың» деп ойлаған едім. Бірақ, бұл мамандықтың қыр-сырын өз басымнан өткеннен кейін білдім.

Статистика бойынша, адамдардың тек 36%-ы актёр бола алады.

Түсілімдегі тағы бір қиындық – тамақтану. Ағзамыз кем дегенде тәуілігіне 3-4 рет тамақтану қажет, соның төрттен екісі – ыстық,сұйық тағамдар. Бұл шарттар түсірілім барысында орындалмайтыны анық. Әрине, тамақтандыру процессі жүреді, актёрлерге тағам алып келеді, десек те, үйде жасалған сұйық сорпаға не  жетсін?

 

 

 

 

 

Бұл орайда,актриса, тележүргізуші,"Қазақ Аруы -2014" сұлулыұ байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланның сұхбатынан үзінді:

- Сіз журналистерге берген сұхбатыңызда «Қазір қоғам жеңіл-желпі фильмдер мен сериалдарды жақсы көреді», - деген едіңіз. Өзіңіз түскен теле өнімдерді қандай санатқа жатқызар едіңіз?

- Мен түскен жобалар сұранысқа ие. Оның әрбірінен ойға түйетін, сабақ алатын дүниелер бар. Себебі, онда шынайы махаббат, достық, сатқындық, қазіргі қоғамның келбеті көрініс табады. Мәселен, «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті байқайсыз. Мұның барлығы шынайы өмір ғой. Ал телехикаяның екінші бөлімі «хэппи эндпен» болмайды. Әдетте, фильм, телехикаялардағы барша кейіпкер соңында бақытқа жетеді. Бірақ, шынайы өмірде, миллионның бірі ғана қиыншылықты жеңіп, бақытқа кенеледі. Сондықтан, мұнда пафосқа жол беріп, шынайы өмірден алшақ кетпедік. Ал «Құстар әніне» келер болсам, оның орны айрықша. Себебі, әйгілі күйші композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевті әрбір қазақ білу қажет деп есептеймін. Осы тұрғысында қоғамда «Құстар әні» секілді өнімдер керек. Ол арқылы біз күйшінің өмірі, шығармашылығымен танысып қана қоймай, қазақ мәдениетін, өнерін көре аламыз. Сондықтан, мұндай жобалар көп болу керек.

- Арманыңыздағы рөл бар ма?

- Қазақстанда, өкінішке орай, кино индустриясы қатты дамымаған. Мәселен, Джони Депп сияқты түрлі образдарға еніп, бір-біріне мүлде ұқсамайтын рөлдер сомдауға әзірше мүмкіндік жоқ. Бұл ретте, мен әрбір үйдің төрінде орын алған қара жәшікте көрсететін өнімдерді айтып отырмын. Себебі, театрда жағдай мүлде басқа. Мәселен, актер бүгін қайыршыны ойнаса, ертең ханның рөлін сомдайды. Десек те кино, телехикаяларда бой көрсетіп жүрген Берік Айтжановтың образдары бір-біріне ұқсамайды, әртүрлі. Ал менің қазіргі ампулам – ауылдан келген қыз. Қандай кастингке шақырса да ауылдан келген, аңқау, ақкөңіл, кейде ақылы бар, кейде ақымақ қыздың рөліне байқап көреді. Сол берілген рөлді өз деңгейінде ойнап, тәжірибемді шыңдау міндетім. Оны жоғары дәрежеде алып шығып, өссем деген ойдамын. Кейін, одан да күрделі образдарды сомдау үшін пісіп, жетілемін. Бәлкім, болашақта жағымсыз кейіпкерді ойнармын. Жас та келеді дегендей. Одан кейін, жас, аңқау қыздың рөлін ойнай алмайсың. Барлығы өз ретімен болуы керек.

- «Осы рөлді ойнауға ешқашан келіспеуші едім» деп біреуін дөп басып айта аласыз ба?

- Меніңше, Қазақстанда «Мен осы рөлді ешқашан ойнамас едім» дейтіндей фильмдер түсірілмейді. Себебі, біздің менталитетіміз оған жол бермейді. Дегенмен, нағыз актриса ешқашан олай айтпауы қажет. Себебі, қандай рөл болсын, оны алып шығу актрисаның басты миссиясы.