Гүлзада Тұрлаш жас актриса:Егер актриса емес,мемлекеттік қызметкер болсам,әкемнің жолын қуар ем

Гүлзада Тұрлаш жас актриса:Егер актриса емес,мемлекеттік қызметкер болсам,әкемнің жолын қуар ем
жеке
блог

Кішкентай кезіңізден,әуенмен,бимен шұғылданыпсыз,бұған сізді баулыған кімді айта аласыз?

-Мен 5 жасымнан бастап биге қатыса бастадым.Әлі де қатысып келемін.Бірақ,сабақтың қиындауына байланысты  қазір уақытым тапшы боп жүр

Өнерге қадам басып келе жатқан жас өренсіз,егерде сіз әкеңіздің жолын қуған мемлкеттік қызметкер болсаңыз не істер едіңіз?

-Егерде мен әкемнің жолын қуған мемлекеттік қызметкер болсам,әкемнің істеп жатқан ісін жалғастырар едім,өйткені әкем халық қамын ойлаған қызметкер.Мен қызметкер болсам,әділ де адал қызметкер болушы едім.

Баян Мақсатқызыны бастамасымен бастау алған "Қазақ аруы" сериалының басты рөлін сомдау сізге бұйырыпты.Дегенмен,бұл сізге кері әсер етпеді ме?Яғни ата-анаңыз қарсы болған жоқ па?

-Жоқ,ата-анам қарсы болған жоқ,себебі мен өнер жолына түстім.Ата-анам менің таңдаған өмірлік жолымды қолдайды, бұл сериал маған кері әсерін тигізбеді,керісінше маған оданда жақсы әсерін тигізді.

-Алға қойған мақсатыңыз қандай?

-Менің мақсатым-ата-анамның үмітін ақтау,оларды қуанту.Мақсаттарым өте көп,дегенмен, болашағым жайында айтқым келмейді.Болған кезде ғана айтқанды дұрыс санаймын.

                                                                                             сұхбаттасқан:Ж.Оңайбаева