Мектепте мұғалімдер: "Сен адам болмайсың!" - дейтін балалардың бірі болдым.
жеке
блог

Мектепте мұғалімдер: "Сен адам болмайсың!" - дейтін балалардың бірі болдым.

Бала кезде қандай болдыңыз?

-Өте тентек болғам. Таза ойынның баласы болдым десе де болады. 

Бала кездегі армандарыңыз қандай және олар қаншалықты орындалды?

-Бала кезден бастап арманым актер болу. Сол арманым "Жайдарманға" алып келді. Осы арқылы киноға да түсіп үлгердім. "Хэллоу, ауыл" деген. Жалпы, арманымның барлығы орындалды дей алмаймын. Әлі талай бағындырар белестерім көп деп сенемін.

ғалым махамбетов

Өмір теңізінің кемесі сізді балалық шаққа қайта әкеліп тастаса, өнер жолын таңдар ма едіңіз?

-Балалық шағыма қайта апарып тастаса, өнер жолын сөзсіз қайта таңдар едім. Өнерді шексіз сүйемін. Өнердің биік шыңдарын бағындыруға барымды саламын.

Мектепте сабақты қалай оқыдыңыз?

-Сабақты қатты да, нашар да оқыған жоқпын. Орташаға жетпейді (күліп). Сабаққа онша мән бермедім. Мектепте мұғалімдер: "Сен адам болмайсың!" - дейтін балалардың бірі болдым. Бірақ, қызығы сол, қазір сол мұғалімдер өзіммен суретке түседі.

Бала кездегі идеалыңыз?!

Бала кездегі идеалым - Джим Керри. Оған тіпті пародия да жасағам. Қазіргі таңда, сол актер секілді, әлемге танымал болмасам да, Қазақстанда кішігірім танымалдылыққа иемін деп айта аламын. 

Алға қойған мақсаттарыңыз қандай?

Өте көп. Арманым мақсатқа жетелеп, көп еңбектеніп жатырмын десем болады.

ғалым махамбетов

10 жылдан кейінгі өміріңізді қалай елестетесіз?

 10 жылдан кейін болсын мейлі, 20 жылдан кейін болсын, қазіргі Ғалым - сол Ғалым болып қала береді. Тек қана екі кішкентай балапаным ер жетіп, таза әке болатын сияқтымын сол кезде.

Сіздердің жолдарыңызды қуып келе жатқан өскелең ұрпаққа айтарыңыз?!

Ешқашан тоқтамай, тек биікке ұмтылу. Кері кетпей, тек алға қойған мақсаттарыңа жете беріңдер дегім келеді. Сонда ғана, нағыз әртіс шығары сөзсіз.