Қазақ елінің айқындамалары
жеке
блог

Қазақ елінің айқындамалары

Қазақтың болмысы:

Қазақтың аманаты-Жер-Ана!

Құжаты-тасқа басылған тарихы.

Генетикалық коды-салт-дәстүрі.

Қазақтың панасы-ұлы даласы.

Қазақтың мәңгілігі-ана тілі.

Ұраны-Алаш!

Тамыры-шежіресі.

Тектілігі-жеті ата.

Иманы-жүрегінде.

Мінезі-сертінде.

Бары-қанағатында.

Құшағы-кеңдігінде.

Көңілі-қонақжайлылығы.

Бет піші-иман жүзді.

Әділдігі-тура биінде.

Қазақтың үні-домбырасы.

Нышаны-ою-өрнегі.

Мейірімі-Анасында.

Еркелігі-қызында.

Қанаты-тұлпары.

Байлығы-ұрпағы.

Салтанаты-тойында.

Алғысы-батасында.

Думаны-термесі, батасы, өлең-жыры.

Биіктігі-Хантәңірі.

Өркениетінің белгісі-Алтын адам, Айша-Бибі, Қарахан т.б. сәулет өнерінде.

Рухани ордасы-Түркістан.

Ғаламдағы орны-Қазақстан.

Астанасы-Астана қаласы.

Болашағы-білімді, намысшыл, рухты жастары!