Телефонымды тастап кеткен күн
блог
Ақпарат-яғни атауы айтып тұрғандай күнделікті жаңалық иесі.Ақпарат деген сөзді естігенде көз алдыңызға ең бірінші 24 сағат бойғы ұялы телефонмен теледидарды немесе радионы елестетесіз.Жай ғана ұйқымыздан оятушы бұрынғыша анам емес осы телефонның отқышы.Көзімізді аша салып сотовая связь немесе wi-fi желін қосамыз.Соңғы жаңалықтарды whatsapp,Facebook,Instagram нан көргенше асығамыз.Whatsapp желісіндегі туысқандар,группаластар деген группадан сабақ бойынша ақпарат пен жаңалықты біліп отырасын. Кейде мұғалімдер сабақты осында жіберіп отырады.Кейде мұның бәрінен жалығып жатамыз.
Алла қалауымен наурыз айының 29-жұлдызы, яғни сәрсенбінің сәтті күнінде күннің нұры терезеден бөлмеге түсіп менің бетіме шақшиа түсті.Менде сол кезде іштей керемет сезім болды,ұйқымнан әдеттегінше ерте оянып,өзімнің сабағымды қайталап әдемі көйлегімді киіп сабаққа шығар кезде ұялы телефонымды тастап кеттім. Сабаққа да күндегісінен ерте келдім. Сыныпқа кіріп мұғаліммен қыздармен сөйлесіп жағдай сұрастық. Сабақ соңына қарай қыздар таза ауамен саябаққа серуендеп қайтайық деп ұсыныс айтты. Мен де қуана келістім.
Саябақта жүрсек байқағаным бірде-бір жанның қолынан телефон байқаған жоқпын. Біреуі кітап, біреуі жүгіріп ал біреулері отбасымен серуендеп жүр екен.Табиғаттың ыстық ықыласына бөленіп жаным шаттанып бір сергіп қалдым. Құрбыларыммен қолымызға балмұздақ алып әңгіме айтып бір күліп қызықты шақтармен бөлістік.Бөлмеге жеткенше жаяу жүріп қайттық.Сондағы айтқым келгені "Ақпарат-әлемді билейді"- алайда ақпарат үнемі адам баласының жанына тыныштық бере-бермейді.Заманымен жүріңіздер алайда жан қалауымен де өмір сүріңіздер