Бақыт деген не?

Бақыт деген не?
жеке
блог

Бақытты əр кім əр қалай түсінері анық... Біз үшін бақыт ол дəл қазіргі сəтіміз шығар... Себебі өмірді сезіне отырып бақыттың қадірін түсінеміз. Бақыт - ол осы өмірдегі барымыз. Арайлап атқан таңымыз бен нұрлана батқан түніміз. Бақыт - ол əр күннің нұрлы шуағын сезіну! Осы өмірді сүю, сезіну, жақсы көру. Ал, мен үшін бақыт деген не??? Ең бірінші бақытым - ата - анам, жанұям, жақындарым. Тірегім- ата- анам олардың ыстық құшағын, аяулы махаббатын сезіну мен үшін ең үлкен бақыт!!! Себебі ата- ана мейіріміне зəру балалар қаншама. Жанұямның аман- есен бақытты болғаны мені де бақытты етеді. Ал, екінші бақытым- денсаулығым, он екі мүшемнің саулығы. Жарық дүниені көре алатындығым, құлағыммен əсем дыбыстарды ести алатыным, қолыммен ұстап сезе алатыным, жүріп, қуана алатыным мен үшін таусылмас бақыт. Себебі оған жетпей жүргендер де бар... Ал, үшінші бақытым - омы өмірге шыр етіп адам болып келгенім. Осы жарық жалғанды көріп, сезініп, шаттанып жүргенім. Осындай керемет ащшысы мен тұзшысы бірге жүретін, əсем, қуанышпен махаббатқа толы өмірді сүріп жүргенім ештенеге тең келмейтін бақыт. Менің ойымша, əр адамның бақыты онын қасында. Біз адамдар! Қанағатсызбыз! Өзімізде бəрі болса да басқаға жүгіреміз, басқалардан асып- түссем екен дейміз. Үнемі адамдар күйбең тіршілікте жүріп осы өмірдегі маңызды нəрсені ұмытатын секілді. Біреулер "шіркін, көлік алсам екен" деп армандайды. Соған жетсе осы өмірдегі бақыттың кілтін тапқандай қуанады. Ал ендігі біреулер " шіркін, жүре алсам екен, он екі мүшем сау болса екен" деп армандайды. Біз үнемі қанағатсыздық танытып, осы өмірдегі бар бақытымызды бағаламай жатамыз. Жанымызда жүрген жақындарымызды, қолдағы барымызды бағалайық себебі олар біздің бақытымыз емес пе???blogs/add/