Блог жазудың тағы бір  пайдасы.
жеке
блог

Блог жазудың тағы бір пайдасы.

Біз осы Massaget.kz  сайты арқылы блог жазамыз, оқимыз.Ал ол бізге пайдалы ма? 

1.Блог жазу арқылы ақпаратты есте сақтау неғұрлым жеңілдей түседі. Көп жағдайларда естіген ақпаратымызды тез арада ұмытып қалып жатамыз, ал сайтқа жарияланған ақпарат ол есте ұзаққа дейін қалады екен. Өйткені, біз өзіміздің білетін қызықты ақпараттарымызды жариялауға асығамыз және оны жарияламас бұрын зерттейміз.

2.Қазіргі таңда газет-журнал оқитын жастар саны тым аз. Еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін интернет сайттары арқылы ақпарат алып отырады. Сол себепті, блогтарды оқу оқырман үшін де, жазушы үшін де пайдасы мол болмақ. 

3. Көптеген сайттарда, газеттерде тек белгілі бір тақырып аясында ғана ақпарат таратылады. Ал Massaget.kz сайты арқылы кез-келген тақырыпта блог жазуға болады. 

Және тағы да көптеген пайдалы жақтары бар.