Ең танымал ит актерді танисыз ба?

Ең танымал ит актерді танисыз ба?
жеке
блог

Төрт аяқты табиғаттың ғажайып өкілдеріне "Оскар" сыйлағын да арнай марапаттарды да бере бермейді. Бірақ олар да өздерінше танымал, көрермендерін өздеріне еліктіріп отырады, әрі олар түскен фильмдердің қызық болары анық. Олай болса...

Бірінші орында, БЕТХОВЕН.

Бұл 1990 жылдарда түсірілген "Бетховен " фильмінің ең танымал ит актері. Бұл фильм жүрегі кең, қожайынына адал болатын ең ірі иттердің бірі туралы түсірілген. Фильмдегі басты рқлді сенбернар Крис атты  ойнады, одан өзге 12 ит осы рөлге үміткер болған. Алайда , дәл осы ит құлап қал дегенде құлап, өлген сияқты бол деген команда бергенде өліп, терезе арқылы шығып, қожайынның айтқанын бұлжытпай істейтін иттердің бірі болды. 

Екінші орында, БИМ.

Ағылшындық сеттер Степа, «Белый Бим Черное ухо» фильмінде ойнады, бұл қайғы мен қасіретке толы оқиға. Стёпаның қожайыны оны Горькийдің киностудиясына жалға береді, және түсірілім аяқталғаннан кейінгі жарты жылда да іздеп келмеді. Көңіл күйі түскен ит түсірілім барысында Вячеслав Тихоновқа бауыр басып қалады. Алайда оның қожайыны бәрібір де Степаны іздеп келді, біақ уақыт өткеннекн кейін қайтадан өзге адамның қолына тапсырды. Ал Степа болса осындай сатқындықты екеінші рет көтере алмай құсадан қаза табады.

Үшінші орында, ХАТИКО. 

Акито-ину Хатико есімі әрбір япондыққа өле өлгенше адал болудың символы. 2009 жылы Ричард Гирмен түсірілген "Хатико" фильмінен соң осы иттер туралы бүкіл әлем білді. Түсірілімде үш акито кіргізіледі олар: Чико, Лайла және Форест. Айта кетерлігі, «Хатико» фильмінің япондық экранизациясы 1987 жылы түсірілді, сондықтан ең үздік екі фильм арасындағы тартыс әлі күнге дейін бітер емес.