Арқа сүйер ағамызды туған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін арқа сүйер ағамыз, өнердегі әкеміз, өнер мен өмірдегі қамқоршымыз Нұрлан Албан ағамыздың туған күні! Нұрлан ағамызбен кездесіп, бірлесе жұмыс істеп жатқандығымыздың өзі тәңірдің бізге тартқан толағай сыйы деп білеміз. Бізді әрдайым көтеріп, қамқорлығын танытатын әкешімізге деген құрметіміз ерекше. Өзгелерге үлгі болатын нағыз ер-азамат деп біз Нұрлан ағамызды айта аламыз.


Нұрлан аға, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұзақ бақытты ғұмыр, зор денсаулық, орасан бақыт тілейміз! Алға қойған мақсаттарыңыз бен аңсаған армандарыңызға жете беріңіз! Биік белестерді көрініп, алып асуларды бағындыра беріңіз! Ізгі тілекпен, "Art-Dala"



Бөлісу: