ТҰН немесе бізге беймәлім әлем

ТҰН немесе бізге беймәлім әлем
жеке
блог

 

  ТҰН немесе "Танылмаған ұшатын нысан". Бұл атаудың пайда бола бастаған уақыты XX  ғасырдың басы. Тіпті арнайы зерттейтін ғылым да бар екен, ол ғылым - уфология деп аталады. Бұл ғылым бар болғанымен осы уақытқа дейін ашылған бір жаңалығы, лабораториялық әдіспен көз жеткізіп, ғылыми тұрғыдан дәлелденген ешқандай нәтижесі жоқ. Бірақ дүниенің түкпір-түкпірінен ТҰН-ды байқаған адамдар өз ақпараттарымен бөлісіп отырады. Белгісіз ұшу аппаратының аспанда қалықтап тұрғанын көргендер санында есеп жоқ мыс. Тіпті осындай айтылған деректерді тіркеп отыратын ұйым да жұмыс жасайды екен.

   ТҰН-ды қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланова апамыз да көріп, олармен байланыс жасағанын бір сұхбатында айтқан болатын. Мейірімді қарым-қатынас жасап, дұрыс пиғылда болсаң олардың еш зияны жоқ деп баяндаған.

  Ғарышкерлер де ТҰН-ды көздерімен көріп, суретке де түсіріп алғандарын айтқан. Соның ішінде АҚШ астронавы Дж.Макдивитт 1965 жылы оны суретке түсіріп алғанын, бірақ пленканы басып шығарған сәтте оның ізі де болмағанын айтып таң қалады. Ал қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев оны көрдім демесе де, аспанда ашық ғаламға шыққанда кемемен қосатын арқаны үзіліп кетіп,енді өлдім ғой дегенде бір құдірет оның қолдарын сатының жақтауына ұстатып кеткенін айтады... Ол ТҰН-ның әрекеті ме басқа ма белгісіз.

  Ең бастысы жүректегі иман мен бір АЛЛАҒА деген сеніміміз ортаймасын. ТҰН болсын басқа беймәлім әлем болсын барлығы бір АЛЛАҒА аян.