Газды сусындардың пайдасы
жеке
блог

Газды сусындардың пайдасы

АҚШ-тағы BWH ауруханасы және Brown университетінің ғалымдары тарапынан 2149 адам қатысқан зерттеулерден мынадай қорытынды шығарылды:

Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын химиялық тұз болып табылады. Бұл элемент екзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін.   

Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады.

Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.

Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады. 

Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі. 

Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бұл шекерді жылдам түрде майға айналдырады.

Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.

Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.