Мұхтар ШЕРІМ. ҚИСЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

Мұхтар ШЕРІМ. ҚИСЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ
жеке
блог

 

 

   Шымкент қаласындағы үш бөлмелі пәтерімді сатамын. Бес қабатты үйдің сол жаққа қарай қисайғаны,  адамдарға «иіліп» тұрғаны болмаса, қабырғаларының қақырап түсіп қалғаны болмаса, төбесінен жаңбыр тамшылайтыны болмаса, жанға жайсыз масалары болмаса, подьезден мүңкитін сасық исі болмаса, былайша жап-жақсы, жасыл-желек маңына орналасқан.

  Қазақта үй сатып алардан бұрын, көршілеріңді таны деп жатады. Көршілерім керемет, бірінен бірі өтеді, бірі–атақты ұры, екіншісі–жемқор, үшіншісі– педофиль, төртіншісі– тентек, бесіншісі– бақырауық, алтыншысы–албасты, жетіншісі–жексұрын, сегізіншісі– зектер, тоғызыншысы алаяқ, қанішерлер, тағы бір көршілерім жезөкшелер. Біздің үйде бәрі бар, іздегеніңізді табасыз! Жақында бір шпион көшіп келмекші екен...  Айтпақшы, төртінші қабатта терроршы тұрады.

   Пәтерімді сатып аласыз ба, жоқ әлде «Арзанға бер!» деп үйімде жатып аласыз ба, оны өзіңіз білесіз, бүгінгі күннің шындығы осы, онда неге күлесіз?