жеке
блог

"Жүз жылдық махаббат" бола ма?

Жүз жылдық махаббат 

 
Мен сен үшін жүз жыл ғұмыр сүремін. 
Сондықтан да назды едім, үр едім. 
Білесің бе?! 
Сені сүйіп қалсам да, 
Əлі жылай қойған жоқ қой жүрегім! 
 
Басымыздан жұрт кешкенді кешпейміз. 
Ерте келсек..оның өзің кеш дейміз. 
Жүз жыл бойы ғашық болып жүзіңе, 
Бір- ақ күнде өліп қалсам, не істейміз? 
 
Жүрек тұстан салқын күндер өтеді, 
Менде əлсіздік, ал сендегі серт еді. 
Жүз жыл ғашық болу үшін жүзіңе, 
Жүз жиырма жыл ғұмыр кешсек жетеді. 
 
Ақгүл Айдарбекова
 
 Қысқасы, осынау болу мен бордай тозудың арасында түлкіше түрленген заманымның 1 ғасырлық махаббаты болатынын дəлелдейтін әлем бойынша бір ғана спектакльдің бар екеніне бүгін көз жеткіздім! Мынау өлең қойылымнан кейін туған еді..Афишалардан "Жүз жылдық махаббат" деген атауды көзіңіз аңдаусызда аңғарып қалып жатса, барлық шаруаны шетке ысырып қойып Әуезов театрына тартыңыздар! Себебі нағыз махаббаттың қандай болатынына көз жеткізетін едіңіздер!
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі