Мен неге корей сериалдарын көремін?
жеке
блог

Мен неге корей сериалдарын көремін?

Себебі олардан мотивация аламын!

Қандай?

Кез келген корей сериалындағы басты рөлдегі кейіпкер әуелі өз ісінде онша табысқа жете қоймаған, бір жүрген жолы болмағыр болады. Сериал барысында ол он рет құласа да, он бірінші рет тұрып көреді, 99 рет тұмсығынан кері итерсе де, 100-ші рет өзіне сенімді түрде есік қағып тұрады.

Кейіпкерлер қайтпас қайсар, олар ел ұйықтап жатқанда жет үстелдерінде үстел шамымен жұмыс жасап отырады, олар әділдік үшін күреседі, олар өз істеріне адал, олар биіктен құлап түссе де, нөлден бастап қайта көтерілуге жігерлене алады және соңында жеңіс тұғырынан табылады.

Мысалы, Пак прокурор (Подсудимый), Ю дәрігер (Врачи), Чан адвокат (Я слышу твой голос)  маған үлкен мотивация берді. Сериал көрген сайын бір серпіліп, жігерленіп, шаруаларымның жоспарын құрып, мақсатымды айқындап, «қолымнан келеді» деп «жалындап» кететінім бар.

Әрине, корей сериалдарының барлығы бірдей емес, ішінен пайдалысын дөп басып көру әркімнің өз еншісінде.

Осындай мықты мотивацияны өзіміздің отандық «Бәсеке» сериалындағы Арман мен Мақсаттан да алуға болады. Кейіпкерлердің аузынан шыққан әрбір сөз мотивация. «Кез келген ситуацияда сылтау емес, мүмкіндік ізде», «Оптимисттер шатыр құласа шатырды ұстайды, ал пессимисттер басын ұстайды», «Армандар орындалады – мақсатың айқын болса!» - бұлар маған ұнаған сөздер.

Иә, достар, мотивацияны қайдан алсақ та, ең бастысы өз ісімізде үздік болып, жасымай, талмай тек алға самғай берейік!