Табиғат - мәденеттің табиғи үлгісі.
жеке
блог

Табиғат - мәденеттің табиғи үлгісі.

    Табиғат - мәдениеттің табиғи үлгісі. Бүгінгі таңда саналы әрекет пен табиғатты қарсы қою - балаңдыққа саяды. Табиғаттың қоғам мен адамзат тіршілігінің құрамдас бөлігі екенін санаға орнықтыру қажет. 

    Табиғат мәдениеті! Бұл тосындау ұғым. Алайда санаға орнығуға әбден лайық ақиқат. Мынандай мысалдар еске түседі, қайыңның саясына саңырауқұлақ, мүк сияқты өсімдіктер көбірек өседі. Қалың орманға мұқият зер салсаңыз, ондағы ағаштардың бір - бірімен мейлінше санаса өсетінін, біріне - бірі көлеңке түсірмеуге тырысатынын байқар едіңіз. Бір ағаш көкке бой созып барып жапырақ жаяды. Онысы төңірегіне көлеңке түсіргісі келмегені. Бір ағаш жатаған, аясы кең. Онысы саясындағы балапан ағаштарға пана болғаны. Немесе қанды ағаш пен қарағайдың ғажабын қараңыз. Балапан қарағай қандыағашты сағалап өседі. Қарағай буын бекітіп, бой көтерген кезде қандыағаш жол береді...

    Бізде ше? Біздің даламыз, табиғатымыз, аң-құсымыз қандай күй кешуде? Белгілі ғой... Сыртқы зорлық, сыртқы дүлей күш өзінің кісәпірлігін ең алдымен табиғатқа деген қарым - қатынасы арқылы көрсетуде. Ал пенде шіркін бар болғаны сол табиғаттың перзенті ғана...