Мен не деймін, көзім не дейді?

Мен не деймін, көзім не дейді?
жеке
блог

 

(Көз)  -Ояндым. Шүкір.Күннің нұрлы шұғыласы көз алдымда жылтылдайды. Айналаға көз салмас бұрын аздаған жаттығулар жасап алсақ қой...

(Мен)  -Қайдағы жаттығу? Кеше түнгі 1:00-де ұйықтап қалыппын. Фильмді соңына дейін көріп те үлгермедім...Ал,Айжан ше? Ол не деп жазған екен. Тезірек ВК-ге кіріп хаттарды оқиын.

(Көз)  -Туууф, тағы ма? Күнде осы.. Анаң даярлаған асты ішейік.Таңғы сәбіз шырыны маған да пайдалы.

(Мен)   -Мәә, Бақыттың жаңа ғана салған суреті қандай әдемі десеңші...Шіркін, мен де сондай болсам ғой.  (Сағат тілі 11:00-ді көрсетіп тұр). Шәй ішкен соң, бірнеше сағат компьютерге жаңа ойындарды жүктеп, ойын ойнайын.

(Анасы)   -Балам, мына қоқысты төгіп келші...

(Мен)   -Қазір, 5-10 минут тұра тұрыңызшы.

(2-3 сағат өткен соң)

(Көз)-Қан тамырларым қызарып, әбден шаршадым... Демалып алсам ғой.

(Анасы): -Санжар, балам, бүгін күні бойы компьютер алдында қақшиып отырдың. Қанеки, тұр да сабағыңа кіріс!

(Көз) -Уффф! Анаң болмаса, әбден көр соқырға айналар едім.. Аздаған жаттығу жасап алсақ қой..

(Мен)  -Жарайды ана! Болдым міне! Осы сабақ дегенді кім ойлап тапты екен? Ал, оқиын. "Биология"- Жануарлардың ішкі құрылысы......

(Көз)  -Алдымдағы жазулар көрінбей барады...

(Ұялы телефон ызыңы: "Мына сілтемеге кіріп көріңіз, жаңа бейнебаянды тамашалаңыз)

(Мен)  -О! Бұл қандай бейнебаян екен? Көрейік. (Ерсі киінген қыздар бейнесі, биге құныққан ер азаматтар, жағымсыз әуен)

(Көз)  - Харам дүниеден мені тый. Көрсетпе. Аулақ!

Ал, Санжар болса көздің шаршағандығына назар аударар емес. Ол арайлап атқан таңнан,қызарып батқан кешке дейін, тіпті түн жарымға шейін көзіне демалыс бермейді. Көз жанарының көруі нашарлап кетеді деп те қорықпайды.  Бірнеше айлардан соң, көзілдірікке жіпсіз байланатындығына алаңдамайды. Әлемде Санжар сияқты денсаулығына бейжай қарайтын азаматтар қаншама.

Көзілдіріксіз көрудің құдіретін дер кезінде сезіне білейік!