Тіл тұтастығы-ел тұтастығы.

Тіл тұтастығы-ел тұтастығы.
жеке
блог

                   Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем                                                                                    Ағынды өзен асқар тау гүлін сүйем                                                                                     Мен оның қасиетті тілін сүйем                                                                                             Мен оның құдіретті үнін сүйем...                                                                        Тіл - тарихи құндылық, баға жетпес қазына, ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Тіл сөйлесу үшін ғана емес, түсінісу үшін, болашаққа із қалдыру үшін, өткеніңді өрнектеу үшін, үнемі қарым-қатынаста болу үшін қажет. Тілімізді əрдайым бағалауымыз керек. Тіл - ұлттың жаны деп бекер айтпаған.Осы орайда бір шумақ өлең есіме түсіп отыр. 

                     Туған тілім - бабам тілі өз тілім 

                     Туған тілім - анам тілі өз тілім

                      Туған тілім - далам тілі өз тілім  

                      Туған тілім - адам тілі өз тілім...

Осы өлең жолдарында айтылғандай əр елдің, əр мемлекеттің өзінің тілі бар. Менің тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - бай, ырғақты, тегеуріні мықты, көрнекті, əдеби, көркем тіл. Қазақ тілінен қазақылықтың, қарапайымлылықтың, əсемдіктің, мəдениеттіліктің нышаны байқалады. Бірақ осындай əсемділікті қастерлемейтіндер де жетіп артылады. Қазіргі заманда өз тілінде сөйлеуге арланып, өзге тілдің құрсауына кеткендер жетерлік. Өз тілінен ұялып, менменсіген адамдарға не дерсің?  Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте! - демекші. Өз тіліңді құрметтеп оны білу сенің парызың. 

                    Көк аспанда қанат қағып ұшқанда, 

                    Өз тілінде қиқулайды құстар да.  

                    Өз тілінде кісінейді құлыншақ, 

                     Деген кім бар " Өз тіліңді ұстанба!" 

 Сондықтан да əр адамның өз тіліне деген сүйіспеншілігі шексіз болуы керек деп ойлаймын. Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қаншама ұлт - бір ананың баласындай тату - тəтті өмір сүріп жатыр. Біздің қатарымызда орыс, өзбек, татар, басқа да қаншама ұлт бар. Олардың тілі мен діні өзге болса да жүректері " қазақ" деп соғатынына сенімім мол. Қазақстанымыз іргесі биік ел болуы үшін ең алдымен тілімізден бастағанымыз жөн. Тіл тұтастығы - ел тұтастығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ана тіліміз - ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра, ал оны қорғап, қастерлеп, ұмытпау - біздің парызымыз. Бүгінгі жас ұрпақтың парызы болмақ.