Жұмысқа тұрудың сәтті жолы

Жұмысқа тұрудың сәтті жолы
жеке
блог

1. Сіз неліктен біздің компанияны таңдадыңыз?

- Мен, маған дейінгі және менен кейінгі адамдар сияқты өзімнің резюмемді он шақты жерге жібердім. Қай жерде тезірек әрі тиімдірек жұмысқа орналассам, сол жер жақсы. 

2. Біз неге сізді таңдауымыз керек?

- Сіздерге жұмысшы керек пе өзі? Міне мен. Жұмысшы. Мені таңдаудың бір себебі, мен басқалардан ақылдырақпын. Өзге жұмысшылар осы сұраққа "стандартты" түрде құлағыңызға әдемілеп лапша іліп берген болса, мен шындығын айтып отырмын. Айтпақшы, мен сізден де ақылды секілдімін, себебі мен ешқашан осындай мағынасыз сұрақтарды қоймас едім. 

3. Қандай көлемде жалақы алғыңыз келеді?

- Жылына 2.5 млн.$ жетеді. АҚШ президентінің жалақысы :) Қандай-қандай сұрақ өзі? Әрине, сіз маған төлей алатын ең жоғары жалақыны алғым келеді. Бірақ сіз бәрібір төлемейсіз ғой. Онда бұл сұрақтың мәні бар ма? Қалай болғанда да, таңдау менің қолымда болады: сіз бағасын айтасыз, ал мен оған келісемін бе, келіспеймін бе, өзім білемін.

4. Алдыңғы жұмыс орнынан неге шығып кеттіңіз?

- Ал сіздің қандай шаруаңыз бар? Бәрібір мен үшін ешнәрсені де өзгерте алмайсыз. Сізге менің жауабым не береді? Біріншіден, мен сізге өтірік айтамын. Екіншіден, мен шын жауап бердім делік: жалақысы аз, мансаптың болмауы, ұжыммен тіл табыса алмадым, немесе бастықтың итіне ұнамай қалдым. Сонымен? Мен осы жердегі ұжыммен тіл табыса аламын ба, өз жұмысымды дұрыс атқара аламын ба, сіз оны қайдан білесіз? Тіпті мені жұмысқа алмай, біле алмайсыз да. Әлде көріпкелдік қасиетіңіз бар ма? 

5. Сіз өзіңізді 5/10/20 жылдан кейін қалай елестетесіз? (Осы компанияда)

- Егер мен сіздің компанияңызда 5 жылға қалатындай епсіз жан болсам, мені алудың да қажеті жоқ. Өзіңіздің компанияңыз да... Сізге қарсы сұрақ қояйын: компанияңыздың осы алдыңғы 5/10/20 жылдарда қандай жоспары бар? Өзіңіз компанияңызбен 20 жылдан кейін не болатынын білмесеңіз, мен оны қайдан білейін? 

6. Өткен жұмыс орныңызда қандай жетістіктеріңіз болды?

- Менің резюмем сізге аз екен ғой, қап... Жарайды, жауап берейін. Мен өте жақсы жұмыс істедім, және міндеттерімді бұлжытпай 100%-ға орындадым. Міне сізге жетістік! Дұрыс басшылық пен жақсы жұмыстан басқа ешқандай жетістіктер де болмау қажет! Мағынасы жоқ жетістіктерге қол жеткізімін дегенше, аянбай жұмыс істеу керек!

7. Бастығыңыздың қандай болғанын қалайсыз?

- Оның болмағанын қалаймын, біріншіден. Екіншіден, маған бәрібір. Ең бастысы, оның БАСТЫҚ болғаны жеткілікті: мәселені қалыпты және тұжырымдап түсіндірсе. 

8. Сіздің қандай артықшылығыңыз бар?

- Гусли аспабында ойнай аламын, 10-15 метр ұзындыққа түкіре аламын. Егер сізге менің классификациям керек болса, оның барлығы резюмеде жазылған. Тағы да бірнәрсе білгіңіз келсе, сұрарсыз. 

9. Сіздің қандай кемшіліктеріңіз бар?

- Сізге не керектігін айтыңыз, ал мен сол нәрсеге кемшілігім бар ма, жоқ па айтамын. Әйтпесе менде бір кемшілік бар: жоғары дауыспен тамаша айтамын. Көршілерім оған шағымданады, ал достарым оны өнер деп біледі. Әр нәрсенің екі жағы бар. Өзіңізге қандай жұмысшы керектігін білмесеңіз - мені алыңыз! Мен де сізге не қажет екендігін білмеймін. Екеуіміздің арамызда махаббат пен түсінушілік болады!