Махамбеттің "қара нарына" менің жүктейтін міндеттерім

Махамбеттің "қара нарына" менің жүктейтін міндеттерім
жеке
блог

       Елім, жерім деп жүрегі соққан, мақтан тұтарлық біртуар батырларымыздың бірі – Махамбет Өтемісұлы. Ол-халықтың азаттығын көксеген күрескер, рухты ақын, ел бастаған батыр, қолбасшы. Қарапайым халықты патшалық, хандық өкіметтің әділетсіздігіне қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін өз көзімен көріп, зорлық-зомбылығын басынан өткеріп ғұмыр кешкен адам. Азаттық үшін күрес - батыр өмірінің мазмұнына, мәніне айналды.

      Ақынның «Тар қамау» өлеңіндегі, «қара нарына» жүктеген міндеті – қиындыққа бірге төзіп, ауыр жүкті бөлісетін, әрдайым демеу болатын жол серігі болу:

«Қабырғасын қаусатып,

Бір-біріндеп сөксе де

Қабағын шытпас ер керек

Біздің бүйткен бұл іске»

Қандай қиын-қыстау кезең болмасын, әрқашанда жадыңнан табылатын, өзінің амандығы үшін ешкімге жағымпазданбайтын адам – Махамбеттің «қара нары».

        Ал өз тарапымнан «қара нарға» жүктейтін міндеттерім, Махамбеттің жүктеген міндеттерімен іспеттес. Ең алдымен, әрине, жол серігімнің бойында адамгершілік қасиеттің мол болуы. «Адам болып дүниеге келгеннен кейін,адам болып дүниеден өту керек»-деп бекер айтылмаған.

        Адамды адам ететін ең алдымен тәрбиесі болса, екінші білімі. Сондықтан да, мені қолдаушы адам өте дана, ақылгөй, әрқашанда кеңес беріп отыратын тұлға болуы қажет. Әр адамның ойы бір жерден шыға бермейді, сондықтан мен бұрыс шешім қабылдаған жағдайда, түсініспеушілік тудырмай, бейбітшілік жолмен шешуін міндеттер едім.

       Менің жол серігімнің бойында адалдық қасиетінің болуы абзал. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. Мен үшін, кіндік қаны тамған жері үшін жанын қиюға даяр, «Отаны үшін отқа түсетін» адам болуы, мен үшін үлкен рөл атқарады. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік қасиеттерден мүлдем аулақ жүруін жүктер едім. Абай Құнанбаев данамыз айтқандай:

«Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,

Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.»

Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтын, пайдакүнем адам болмауы шарт. Жалпы айтқанда, мені биікке жетелеп, қуанышты сәттерімде ортақтасып, басыма қиындық түскенде демеу болса ғана жолдастықтың құны жоғары болмақ.