Идеалды қазақ қызы

Идеалды қазақ қызы
жеке
блог

Қазақ қызы. Жалпы қазақ қызы қандай болу керек? Қазақ қызы идеал ма? Қазақ қызы деген кім? Жұрттың баласы мен қазақ қызының не айырмашылығы бар? Санамды улаған мың сұрақ. Тағы да ғаламторды шарлауға тура келді. Әрине, біраз сұрағыма жауап таптым, әттең, қанағаттанбадым. Сірә, оқығанымнан түйгенімді жазғаным дұрыс болар деп шештім.

 Бірінші кезекте мен кіммін? Ең алдымен сүтқоректі адаммын, ішіне үңіліп қарар болсақ, болашақты тәрбиелейтін, оның ауыр жүгін мойныма алатын, қазақтың қырық үйден тыйып отырған, асыл текті қызымын. Қандай қиын ә? Бұрын соңды басыма осындай жұмыстың артылғанын ойлау бұлай тұрсын, иісі мұрныма да бармапты. Қандай жұмыс дейсіз бе? Қазақ қызы болашақ ана, ал болашақ ана білдей ел басқарар патшаны да, жемқор ардан безген ұрыны да тәрбиелейді. Оның жүгі әсте жеңіл емес. Бірақ кідіріп сөзіме құлақ салсаңыз (жазбамды мұқият оқысаңыз) өзіңізді түзеуге көмегім тиері хақ. 

 Жалпы ғаламторды ақтарып отырғанда түрлі пікірлер оқыдым. Айтсам сенесіз бе, қазақтың қызы қандай болу керек деген сауалға 90% жауап бір нәрсені айтады. Қыздар,сүйтсек біз инабатты әрі ибалы болу керек екенбіз. Негізі оқып отырғанда иба мен инабатқа аса мән бермедім. Кәдуілгі күнде естіп жүрген, құлақтың етін жеген жауап қой дедім. Ал тереңіне бойлап, айсбергтегі қатып қалған мұздарды сәл ерітсек, ойлануға тұрарлық нәрсе екен. Бірақ соны жазған адам өз сөзіне ойланды ма екен деген ой тағы мазалады. Осы сәтте Ә. Нұршайықовтың айтқанын тілге тиек еткім келеді "қыздар пәк болмай, тәні таза, жаны ұлағатты болмай, ұлт сақталмайды, азғындалып, азып - тозып бітеді. Ұлттық ұлы жауапкершілік өз мойындарыңда екенін ұмытпаңдар, қарақтарым" дейді жазушы ағамыз. Мойнымызда қандай жүк тұрғанын ұққан боларсыз. Ұлтты жою да, шарықтатып көкке көтеру де біздің қолда. Ой ұлт бұлай тұрсын, алдымен өз басымды алып жүрейін деп ойласаңыз, құттықтаймын сіз бақыттысыз. Әр қазақ қызы лайықты түрде өз қадірін біліп, өз басына ие бола алса, міне сол қыз кемеңгер ұлтты тәрбиелейді. Ойланайық,қыздар, ойланайық!

Алысқа бармайын, өзім күнде көріп жүрген қыздарға тоқталайын. Ал мен көріп жүрген қыздар қандай? Қазіргі қыздарды бір - бірінен ажырату тіпті қиын болып кетті ғой. Бәрінің жағатыны сол бір бояу, сол екі метр кіірпік жабыстыратыны, сол маникюр, айналайын - ау тіпті киетіні де сол жыртық шалбар мен ашық көйлек ғой. Жаһандану деген сайын тым артық кетіп барамыз. Сол жыртықты кимей - ақ, ай сайын кірпік пен маникюрге он мың теңгеңді құртпай - ақ, өмір сүрсең не бопты? Өзгеден кем боламын деп қорқасың - ау сірә?! Олда дұрыс ақылы жоқ адамға. Мен қазақтың ұлттық киімін киіп алып, шашыңа шашбау тақ деуден аулақпын. Тек ұятты жеріңді жапсаң, сауабың көбейіп, күнәң азаяр ма дегенім ғой. Ойланайық, қыздар, ойланайық!

 Сол тағы ғаламторды ақтарып отырып байқағаным нағыз қазақ қызын тек түсімізде көретінімізге көзім жетті. Сонда қазақ қызы қиялдағы ару ма? Жо - жоқ, қазақ қызын қазіргі жастар тым ертегіге балап кетіпті. Қазақ қызы идеал емес. Адам ешқашан идеал бола алмай

ды, ол мүмкін емес құбылыс. Сондықтн ертегіден шындыққа ауысқанымыз жөн болар. Бір айтарым, не кисең де , қайда болсаң да, кіммен жүрсең де, қандай жағдай болса да арыңды сақта қазақ қызы, ұрпағыңды өлтірме! 

Ең бірінші ар мен намысты жоғары қоя білген қыз, мен үшін нағыз қазақ қызы. Ол соншалық қиын емес қой! Бірақ қазіргі заманда олда оңай емес ақылсыз адамға!  

Ар - намыс ең маңыздысы осы! Ары биік болса жыртық шалбар киіп, қоғамдық ортада айқайлап күлмес еді, қазақ қызы. Бұл бергі жағы ғой, көшеде көріп жүргенімізді жіпке тізіп жаза берсем қазақ қызының қадірін түсіріп аламын ба деп тағы да сескенемін. Әйткенмен, қадір дейтін қадір қалды ма...?