Мемлекетке маңызды мәселелер жастар назарында

Мемлекетке маңызды мәселелер жастар назарында
жеке
блог

Қоғамда болып жатқан кез келген өзгеріс жастардың талқылауына түсері анық. Мәңгілік елдің мәртебесін көтеретін келер ұрпақтың мемлекетке маңызы бар мәселелерге немқұрайлы қарамағаны көңіл қуантады. Міне, осындай пікір бөлісуді мақсат тұтқан жиындардың бірі 13 наурыз күні Алматы қаласында  "Нұр Отан" партиясының бас ғимаратында өтті. Алматы қалалық "Жас Отан" Жастар Қанаты ұйымдастырған бұл кездесуде қаланың белсенді жастары Ата Заңымызда орын алған өзгерістер мен негізгі реформалар туралы ой бөлісті.

 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 25 қаңтардағы арнайы үндеуінде айтылған Конституциялық реформаның негізгі мәні Қазақстан Президентінің өкілеттіктерінің бір бөлігін Үкіметке және Парламентке бөліп беру болып табылады.  Осы тақырыпта ой қозғаған жастар өз пікірлерін еркін жеткізіп, жиынды қызу пікірталас алаңына айналдырды.