Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар
жеке
блог

Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар

Жалпы қазақ халқы бала десе жанын да, барын да беретін бауырмал халық. Жетімдіктің шетін көрмеген қазақ үшін қазіргі заманғы жетімдер үйі - үш ұйықтаса түсіне көрмеген жайт. Біреулер жатып тұрғанында, ішіп-жегенінде жаратушыдан сәби тілесе, біреулер тоғыз ай, тоғыз сағат құрсағында ұстаған, кішкентай қанының бір бөлшегі - сәбиін қоқысқа тастап кетеді. Не деген жауыздық, не деген надандық десеңші?

Өмірімде бір отбасының қайғысына ортақ болдым.Отбасы құрған екі жас 19 жыл шаңырағында бала күлкісін, сәби иісін көрмеді. Жанұя ажырай бастады, әке болам деген ер, ана болам деген әйелдің шаңырақтары шайқала бастады. Ана болуды аңсаған жас келіншек күні-түні көзінен жас алмайтын. Сондағы Айша бибі кесенесіне барғаны - періштенің аумин дегені. 19 жылғы арман - ана құрсағына бала бітті. Әке сұраған  қол аяғы балтадай, торсықтай Алпамыс атты  ұл туды, артынан ана аңсаған Айша атты жанары жаздай қыз туды. Отбасы отынан айрылмай, бақытты ғұмыр кешуде.

Балалы болып, ата-ана атанудың өзі - жаратушының өзіндік бір сыйы деп білемін. Лайым, шаңырақтарыңыз шайқалмай, жанұяларыңыз бала күлкісіне толы болсын!