-Көктем?-Пальто!

-Көктем?-Пальто!
жеке
блог

Жарқыраған күн көзі,жаңарып шыққан жердегі көк,жас бүршігін жарған ағаштар  мен еліне қайта оралған құстардың әуезі тіршіліктің ғана емес,өмірдің де жаңарғанының белгісі іспеттес.Қыстың орнын көктем басатын сияқты қыз-келіншектердің киім-кешектері тұратын сөрелердегі қалың курткалар мен құндыз тондар өз орындарын жеңіл киім түрлеріне босатуға мәжбүр.Көктем сөзімен қатар жүретін пальтолардың тарихы терең және гардеробтан да,әлемдік дизайнерлердің топтамаларынан да алатын орны ерекше.Ал осы көктемде құлпырып жүргісі келетін нәзік жандыларымызға әлемдік сән үйлері қандай кеңес береді және қандай пальто үлгілерін ұсынады дегенсұрақ сізді мазалайтын шығар?Олай болса,сізге осы маусым пальтоларының үздік 5 трендін ұсынамын!

1.Оверсайз пальтолар.Бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда "үлкен өлшемді" деген мағынаны білдіреді.Аталған киім фасонының басты ерекшелігі-ол сіздің дене бітіміңіздегі кемшіліктерді жасыруға көмектеседі және образыңызға өзіндік үйлесімдік қосады.(1-сурет)

2.Халат пальтолар.Иә,иә,шалыс естімедіңіз.Үй шаруасындағы әйелдер дизайнерлер мен кутюрьелердің музасына айналған тәрізді.Атақты сән үйлері  ыңғайлы және стильді пальто-халаттарға деген сұраныстың көп екенін аңғарған.Бұндай пальтолар өзінің қарапайымдылығымен және минималистігімен көз тартады.Өзіңіздің сәнге деген айырықша көзқарасыңызды халат-пальтоны түрлі свитердің сыртынан киіп көрсете аласыз!(2-сурет)

3."Танымал" түсті пальтолар.2017 жылдың негізгі түстері ретінде қою көк,ақ,ақшыл түстер мен жеміс-жидек тектес түстерді атап кетуге болады.Таңқұрайдың қою күлгін түсі позитивті эмоцияны білдірсе,қарақаттың қою түсі іс-қағаздармен айналысатын нәзік жандылардың имиджіне сәйкес келеді.(3-сурет)

4.Қайта жаңғырған ескі принтті пальтолар.Өткен ғасырдың ортасында кең танымалдылыққа ие болған торкөз оюлар осы маусымда оралып,түрлі стильдерде үйлесімдік таппақ.Мәселен,шақпақ өрнекті пальтоны классикалық киім үлгісімен де немесе кешкілік кездесуге киетін нәзік көйлектермен де керемет үйлестіріп кие аласыз.(4-сурет)

5.Джинс маталы пальтолар.Джинс материалынан тігілген аяқ киім,шалбар,кеудеше ендігі кезекте  пальто да сәнге айналды.Егер сіз өзіңізді еркін сезінетін және көше стилін жақсы көретін бойжеткендер санатына жатқызсаңыз,дүкенге аталған пальто үлгісін сатып алуға асығыңыз!Әсіресе,джинс матасынан тігілген  пальтолар жас қыздардың ықыласына бөленеді деп күтілуде.(5-сурет)

Пальтолардың әртүрлі үлгілері өзіндік стильде киінетін және мінезі сан алуан аруларға арналған.Көктемнің шуақты күндері елден ерекшеленіп тұру үшін сіз де аталған кеңестерге сүйеніп,өз гардеробыңызды жаңарта аласыз!Пальтоға сөмке немесе шарфты дұрыс таңдау арқылы оған жаңа түр сыйлауға болады,сондықтан сәнді бикеш  болу үшін кеңестеріме құлақ асып,күлімдеп жүріңіз!