Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Әлеуметтік желілерге тіркелу үшін, жеке басын куәландыратын құжатты талап ету қажет пе?

Әлеуметтік желілерге тіркелу үшін, жеке басын куәландыратын құжатты талап ету қажет пе?

Әлеуметтік желілерге тіркелу үшін, жеке басын куәландыратын құжатты талап ету қажет пе?

Әлеуметтік желі - ғаламтордағы әлеуметтік пен виртуалды қарым-қатынасты онлайн платформа, онлайн сервис немесе веб-сайт. Біз білетін "VK", "Facebook", "Twitter" және тағы да басқа сияқты желілер. 

Статистика бойынша, дүние жүзінде 3,2 млрд. адам әлеуметтік желілерде отырады, "eMarketer" компаниясының статистикасы бойынша, ол ғаламшардағы әрбір төртінші адам. Ең алдыңғы қатардағы ел, ол - Қытай (688 млн. адам), Индия (350 млн), АҚШ (277 млн), Ресей (101 млн). Қазақстанның өзінде 8 миллионнан аса адам әлеуметтік желіде тіркелген және күнделікті байланыс құралы ретінде пайдаланады. 

Жалпы әлеуметтік желілерге тіркелу үшін, жеке басын куәландыратын құжатты талап ету заңы Ресейде 2009 жылдың қыркүйегінде қабылданған болатын. Қытайда 2012 жылдың наурызында: "Микроблогерлер өздерінің нақты аты-жөнін, толыққанды мәліметтерін толтыруы тиіс"-деп заң қабылдайды. Бірақ "Weibo" желісінде тіркелген 300млн. қолданушыларының ішінде, 19млн. адам ғана толыққанды мәліметтерін жазған болатын. 

Статистиканы қойып, енді "Тіркелу барысында жеке басты куәландыратын құжатты талап ету керек пе, әлде керек емес пе?" сауалнамасына жауап берелік. 

 Алаяқтар. 

 Қазіргі кезде террористтік топтар, минитгтер ұйымдастыратын адамдар "VK", "Facebook", "Twitter" сияқты әлеуметтік желілерді өздеріне адамдар жинау үшін пайдаланады. Осындай қармаққа түсіп қалмау үшін де, жеке басты куәландыратын құжат талап ету дұрыс деп ойлаймын.

 Қауіпсіздік.

 13 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерге тіркеле алмайды. Барлығымыз мәлім, ғаламторда көптеген зиянды материалдар, тіпті алаяқтар да молынан кездеседі. Елімізді шулатып жүрген "Көк кит" ойынын да жатқызсақ болады. Сана сезімі, ойы әлі қалыптасып үлгермеген жас балалардың қауіпсіздігін осылай нығайта аламыз. 

 Жауапкершілікті сезіну. 

Әлеуметтік желілердегі жасырындылық, адамда иллюзия тудыртады. "Менің барлығына мүмкіндігім бар, маған ешнәрсе болмайды"-деп білгенін жасайды.  Қазіргі таңда жалған (фейк) аккаунттардан отыратындар да баршылық, статистикаға сүйенетін болсақ, желілерде 30% адам осындай жалған аккаунттар арқылы кіреді. Егер де жеке басын куәландыратын құжатты талап ететін болса, зиянды материал жүктеу үрдісі азаяды немесе мүлдем тоқтатылады. Себебі өзі туралы барлық мәлімет тұрған адам, сол істері үшін оны оңай таба алатынын біліп, ендігі ондай іс-әрекеттерге бармайтын болады. Ғаламторда күннен күнге көбейіп жатқан хаосты азайтады.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Пікірлеріңіз мен үшін құнды!

 

91 1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 08 наурыз, 13:26
Тегтер: әлеуметтік желі, ғаламтор, мәлімет, дебат, тәуелділік
Пікірлер
+0
09 наурыз, 10:12

Ойландырарлық тақырып екен, бірақ мен қарсы болар едім. Әлеуметтік желіге құжатты араластырмаған дұрыс секілді. Керісінше, алаяқтар сен жайлы барлық мәліметті біліп алып, өзіңе кесірін тигізуі де ғажап емес. Ал әлеуметтік желідегі мәдениетке келсек, адамдар әж-де қандай болса, өмірде де сондай ғой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...