Интернетпен ақша табудың қарапайым жолы

Интернетпен ақша табудың қарапайым жолы
жеке
блог

Бүгінде интернетпен ақша табудың көптеген жолдары кездеседі. Айталық, олардың көп айтылатыны: сеоспринт сияқты сайттарға тіркеліп, күнделікті оншақты сайттың сілтемесін шерткен үшін, тиын-тебен (тура мағынасында) ғана алып отыратын жолдан бастап, жеке сайтқа гугл, яндекс баннерлерін орнатып, содан түскен тиындарды жинау тәсілдері көпшілікке мәлім. Бұл қажырлық пен жан-жақтылықты талап ететін жұмыс адамға физикалық ауырлық түсірмесе де, уақытты көп жейді. Сондықтан, интернет арқылы отырып алып сайттардың шертілуі арқылы тиын жасау тәсіліне үзілді-кесілді қарсылығымды білдіремін. Есесіне, баяғы сол интернет мүмкіндігімен басқаша тәсіл арқылы пайдаланып, ақша жасаудың бөлек жолын ұсынғым келеді.Ол үшін, сіз жұмысты виртуалды әлемде ғана жасамай, оффлайн өмірмен байланыстыруығызға тура келеді. Қалада бүгінде көптеген қызмет түрлеріне сұраныс артып келеді. Кең таралғандары: компьютерге бағдарлама орнату, сантехникалық қызметтер, терезе орнату, еден түрлерін орнату, керме төбелер (натяжные потолки) орнату, есік орнату, жиһаз жасау, евроремонт, штор, жалюзи орнату, кілем сату, киім-кешек, жылдам әзірленетін ас түрлерін жеткізіп беру (пицца, донер, түскі ас, сусындар, суши т.с.с.), түрлі эксклюзивті сыйлықтар (гүл, сувенир), той кешін жүргізу т.с.с. өте көп жеңіл алып-сатар жұмыстары мен қызмет көрсету шаралары. Осылардың арасынан қолдан келетіні не болмаса жаңаша бір тақырып таңдап алу өз еркіңізде қалсын.
Жоғарыда аталған қызметтерді адамдарға жарнамалау үшін, интернет арқылы жарнамалаудың үш түрін орындап отырыңыз. Әрине, жарнама түрі бұдан да көп, бірақ қарапайым үш түрін кез-келген интернет жарнаманы бастаушы адам меңгеріп алары сөзсіз.
1. Жарнама сайттары арқылы
Бүгінде olx, slando, satu, из рук в руки сияқты бірқатар жиырмаға жуық қазақстандықтар кіріп жүретін жарнама сайттары бар. Осы сайттарға сататын тауар немесе көрсететін қызметіңіз туралы күніне 5-10 жарнамадан салып отырыңыз. Егер жарнама текстін құру қиындық туғызса, Ресей, Белоруссия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жарнамаларды көшіріп алып, аздап өзгерту жасасаңыз жеткілікті.
2. Жарнама сайттарының ақылы қызметі арқылы
Жоғарыдағы аталған саттардың ішінде олх, из рук в руки сияқты саттарының ақылы жарнама түрлері бар. Ол, сіздің жарнамаңыз басқа адамдар жарнамасының жоғары жағында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сол арқылы сіз конкуренттерге қарағанда клиент назарына ілігу ықтималдығының жоғары дәрежесіне ие боласыз.