Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Мен Мағжанды көрдім... (Мағжанның құпия өлімінен бір дерек)

Мен Мағжанды көрдім... (Мағжанның құпия өлімінен бір дерек)

Мен Мағжанды көрдім... (Мағжанның құпия өлімінен бір дерек)

Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылды ма? Бастауыш сыныпта – ана тілін, орта буында – әдебиетті оқыдық. Бала күнімнен Мағжанды сүйіп оқушы едім. Шығармаларын ерекше қызығып оқыдым, патриоттық рухқа толы өлеңдерінен нәр алдым. Соңғы кездері мені бір сұрақ мазалап жүр. Барлық оқулықтарда Мағжанның өмірбаяны қысқа жазылатын, тиісішне бір ғана сөйлеммен аяқталатын.

 

Әлі де солай. Онда: Мағжан Жұмабаев 1938 жылы наурыз айының 19-ы күні қайтыс болған делінеді. Мәселе әдебиет кітаптары яки Мағжан туралы тараудың қалай аяқталуында да емес, мәселе мынада болып отыр. Кейінгі кезде “Репрессияда Мағжан, Сәкен, Міржақыптар тірі қалған” деген сөздер ауыздан-ауызға айтылып та, жазба беттерінде жарыса жазылып та жүр. Жел тұрмаса – шөтпің басы қимылдамасы анық. Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатовтар туралы сәл кейінірек. Қазір маржан жырдың иесі Мағжан туралы һәм оның жұмбақ өлімі жайлы оқыған, естігендерімді ортаға салмақпын. Иә, репрессия кезінде Алаш жұрты «Алаштықтар» деп ат қойып, айдар таққан Мағжан Жұмабаев, Мәскеудің Әдебиет институтында білім алған зерделі ақынға саясаттың салқыны сезілмеді емес, сезілді. Сол кездегі салқын саясатқа Мағжан өз пікірін айтып, ұстанымынан танбағаны үшін де большевиктер қолынан келгендерін аяп қалған жоқ. Бір емес бірнеше рет түрмеге жапты, азаптап, қинап, соққыға да жықты.

1918 жылы алты айға қамалғаны аздай, 1929 жылы 10 жылға тағы да соттады. Оның жеті жылын Соловецк концлагерінде өтеді. Сосын Максим Горькийдің араласуымен 1936 жылы бостандық алады. Бірақ бір жылдан соң-ақ, 1937 жылдың 30 желтоқсанында «Жапон тыңшысы» деген жаламен қайта тұтқындалып, ең ауыр жазаға кесілгені тарихтан белгілі. Олай болса, жоғарыдағы сөздер қайдан шықты? Сонымен алдымда екі сұрақ тұр. Біріншісі, «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз қайдан шықты? Екіншісі, Мағжан Жұмабаев 1938-де атылмағанына кімдер куә, қандай дәлел бар? Сонымен бірінші сұрақ: «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз қайдан шықты? Ең әуелі болып «Мен Мағжанды көрдім» деп тарихты бір төңкеріп тастаған Бауыржан МОМЫШҰЛЫ болды.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ: «МЕН МАҒЖАНДЫ КӨРДІМ…»

 Бауыржан Момышұлы

1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде: – Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, – деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп: – Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, – деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де: – Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, – дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты (Қаһарман Бауыржан Момышұлы, 98-бет.

 

 

 

12 0
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 02 наурыз, 12:18
Тегтер: Мағжан Жұмабаев, Бауыржан Момышұлы. Мағжанның құпия өлімі
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...