Сіз білесіз бе?!

Сіз білесіз бе?!
жеке
блог

Көпшілігіміз ұнататын фантастикалық фильмдердегі түрлі қару немесе құрал-жабдықтарды бүгінде тек сценаристердің қиял-ғажайып туындыларынан ғана емес, шынайы өмірде де қолдана аламыз. Заманауи тілде ондай құралдарды "гаджет" деп атайды.
Гаджет ол(ағыл. gadget — құрылғы, құрал) — арнайы, әрі шектеулі тапсырмалар орындайтын және кішігірім өлшемдермен ерекшеленетін құрылғы бұйым. Гаджет ыңғайлы және ақылды дизайнымен, функционалдығымен қолданысты жеңілдетін құрал. Адамзаттың ақыл-ойының жемісі саналатын күнделікті тұтынатын мобильді телефон, компьютер, ноутбук, қол сағаттары сынды көптеген электронды құрылғыларды мысалға келтіре аламыз. 
Ал төменде соңғы жылдарда ойлап табылған ең бірегей гаджеттердің тізімін жасап көрейін. Көпшілігіңіз кейбірімен таныс болсаңыз, енді бірінің қаншалықты өмірді "жеңілдететінін", адамзат үшін пайдасының қаншалық  екенін білмеген де шығарсыздар...

1. 3D принтер.
Соңғы 1-2 жылда Әлемнің барлығын дүрліктірген жаңалықтардың бірі - 3D принтерлердің кең қолданысқа енуі. Өндірісте құралдар мен заттарды жасап шығару үшін көп пайдалануда. Бірақ әлі де болса 3D басу технологиясының барлық мүмкіншіліктері пайдаланылмауда. Принтердің ішіне қандай материал құйса, сол материалдан кезкелген затты басып шығаруға болады.  Алдағы жылдардың көлемінде принтерлер біздің де өмірге енері анық. Оның бүгінде лазер, арнайы сұйықтық, немесе фотополимерлер арқылы компьютерде моделденген кез келген құрылғыны басып шығара алатын түрлері көп. Олар техника, қару-жарақ , тағам өндірісінде,  құрылыс материалдары үшін, сондай-ақ ауыр жəне жеңіл өнеркəсіп өндірістерінде, тіпті биомедицинада да кеңінен қолданылуда.

Картинки по запросу 3д принтер

2. 3D қалам. Бұл туралы не ойлайсыз?! Қаламның мүмкіншілігі сіздің жазбаңызды немесе салған суреттеріңізді əдеттегіше қағаз бетінен көріп қана қоймай, сонымен қатар қағаздың үстіндегі суретіңізді қолыңызбен ұстай аласыз. Қазір көптеген интернет дүкендер арқылы тапсырыс беругеболады. Қолжетімді болып табылады. Оның тіпті балаларға арналған түрлері де бар.

Картинки по запросу 3д ручка

 

3. Жиналмалы "үй кинотеатры". Иə, атына қарап таңғалудың қажеті жоқ. Бұл да көпшілігіңізге таныс болар... Музыка, кино, видео-ойындар. Мұның бəріне RoyalX көзілдірігі арқылы қолжеткізе аласыз. Көзі нашар көретін адамдарға фокусты ыңғайлап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ дыбыс реттеуіш тетігі де қалағаныңызша баптауға мүмкіндік береді. Мр3-плеер, кинотеатр, теледидар, компьютер, құлаққапты тек бір ғана бірегей көзілдірік алмастыра алады.

Картинки по запросу очки виртуальной реальности

4. Бүгінде роботехника күннен күнге дамып келеді. NINEBOT деп аталатын бұл робот тек қозғалып қана қоймайды. Үй иесі жоқта күзетіп, қажет болғанда иесімен тікелей байланысқа шыға алады. 
Бетпе-бет сойлесуге де мүмкіндігі бар. Ол жасанды жадының арқасында үй ішін сканерлеу арқылы өзі карта жасай алады. Яғни, Найнбот сіз жоқта үй жиһаздарын құлатып не болмаса, зақымдайды деп қорықпасаңыз да болады.

Картинки по запросу ninebot


5. Фитнес-білезік. Немесе кəдімгі қол сағат сынды құрал. Бірақ, мүмкіндігі əлдеқайда жоғары. Арнайы сенсорлық экранында сіздің əр қадамдарыңызды санап, қанша калория жұмсалғанын, сондай-ақ жүрек соғысын, қан қысымын көрсетіп тұрады. Тіпті ұйқы уақытында қадағалай алады. Тек қолыңызға тағып жүресіз, ал "қолсағатыңыз" сіздің физикалық мүмкіншіліктеріңзді көрсетіп береді

Картинки по запросу фитнес браслет

6. Сканер Scio. Бұл гаджет молекулалық сканер. Иə, иə. Кез келген тағамды немесе затты молекулалық тұрғыда сканерлеп, химиялық құрамы туралы анализ жасай алады.

 Картинки по запросу Сканер Scio.


 

7. Ғаламдық мəселе болып отырған балама энергия көздерін ойлап табу үшін ғалымдар түрлі қүрылғыларды сынақтан өткізуде. Ал қолдануға əбден болатын арнайы ток көзін немесе батареяларды қажет етпейтін гаджеттер жайлы білесіз бе?! Ендеше біле жүріңіз.
"Уақыт-судай сырғып өтуде" осы іспеттес мақалдың сөзбе сөз аналогы-су сағаттар туралы не білесіз. Тек су құйып қойсаңыз, сагат уақытты, күнің ретін, ай мен жылды көрсете алады. Ешқандай көміртекті батарейксларды қажет етпейді. Керемет емес пе?!. Сол сияқты қарапайым сумен ғана смартфонды қуаттап алуға болады. Aquapower батарейкалары. Ток көзіне қосылмай-ақ, зиянды батарейкаларсыз-ақ тек суға салып қана қолданатылатын, судан энергия қажетті электр тогын ала алатын батарейкалар. Тек су ғана емес, кез-келген сұйықтық жарай береді. Сусын, кофе, шай, кока-кола т.б. Nopopo деп аталатын су батарейкалары бүгінде тек Жапонияда сатылымға шыққан.

Картинки по запросу nopopo


Аталғандар туралы басқа да материалдарды интернеттен іздеп таба аласыздар... Адам үшін пайдалы тағы қандай гаджеттер білесіз?
Ал сіздерге қайсысының көбірек пайдасы тиер еді? Пікір қалдырыңыз...