Достық пен жауыздық

Жаныңда қанша адам жүргені маңызды емес,ең маңыздысы қатты айтылса да сапасы маңыздырақ.Шындығын айтсам ауылдан қалаға келгелі,достық сөзінің маңызын ұмытқан секілдімін.Өйткені әр студент,әр түрлі мінез бен әр түрлі жан-жақтылығымен өзін жоғары бағалап ұстайды.Иә,әрине алғаш келгенде көмек сұрағанымда бетіме күліп жүрген адамның артынша басқаша сөйлейтіні маған өте жат көрінде.Жатақxанада тұратын адам жақсы түсінеді деп ойлаймын.Оқу жылы басталғанда бірге отырып әңгіме-дүкен құрып жүруші едік.Басқа топқа өткеннен соң ба білмедім,дәлізде көріп,лебізімді білдірейін деп едім.Бетіме де қарамай өтіп кетті.Бұл жағдайды ешкім көрмесе де іштей өз дәрежемді түсіріп тастады.Содан 1 ай өте менде емтиxан сұрақтары бар екендігін естігенде жаныма құстай ұшып келіпті.Жаныма келіп,жағдайымды сұрағанда қуанып отырдым.Бірақ,сенде ағайдың емтиxан сұрақтары бар екенғой деген де,қуанышым су сепкендей басылды.Менің түсінгенім дос болса да жау болса да, танымай білмейінше өзіңді алшақ ұста.



Бөлісу: