Құрсақтан шыққан ащы үн

Құрсақтан шыққан ащы үн
жеке
блог

Құрсақтан шыққан ащы үн...

Сәлем,АНАШЫМ қалың қалай?

Менде бәріде тамаша,сенің жүрек түбіңде,құрсағыңдамын

Бүгін екінші күн.

Қуанышымды қалай жеткізсем екен?

Мен бақыттымын анашым,

Сендей анам болса...

Менен артық бақытты сәби болмас,

Анашым сен мені енді сездің бе,

Арада бір ай уақыт өткенде.

Неге жаңағы дәрігерден мен туралы естігенде

Көңіл-күйің түсіп кетті,неге?

Неге үндемейсің,неге қуанбайсың?

Мен өзімді жайсыз сезіне бастадым,

Анашым...

Неге қараңғы бөлмеде жылап отырсың?

Алаңдамашы ана,бәрі жақсы болады.

Үміт үзбеші...

Жарайды,ана сені құшақтай алатын кішкентай қолдарым пайда болды,

Саған асыға жүгіретін аяқтарым пайда болды.

Бірақ арада 3 ай өтседе неге қуанбайсың?

Анашым айтшы не болып жатыр?

Неге әкеммен кездескенде дауыстарың қатты шығады?

Әлде менің болғанымды қаламайсыңдар ма?

Ұрыспаңдаршы мені  әлі-ақ жақсы көріп кетесіңдер...

Ана  қазір ғана дәрігерден шықтық

Менде бәрі жақсы деді ғой,

Неге ертең тағыда келеміз?

Неге тағыда жылап келесің анашым?

Әлде сен ауырып қалдың ба?

Ана менің ұйқым келер емес,

Қолдарым мен аяқтарммен ойнап жатырмын,

Сондай қызық...

Ана мына жер неге сондай суық?

Сіз неге ақ киімдесіз?

Ал,мына кісілер кімдер?

Ана,мына темірлер не үшін?

Ана мына темірді неге маған беріп жатыр?

Не істеп жатыр олар?

Мен қорқамын.

Қорғашы мені,қорғашы ана...

Көмектесші ана...

Ана,оларға доғар деші

Уәде беремін,мен ақылды боламын

Сенің мазаңды алмаймын,құрсағыңды теппеймін

Тыныш жатамын,уәде беремін,

Бізді әкем тастап кетті ме?

Ана маған тиіспеші.

Елдің сөзінен қорыққанан,асырай алмаймын деп

Мені тастамақшысың ба?

Ана екеуміз әлі-ақ бақытты боламыз,көресің.

Мені асырай алмаймын деп қорықпашы

Сенің қолыңнан ішкен қара су мен жеген қара нан

Мен үшін ең дәмді тамақ болады,

Ешнәрсе әпер деп мазаламаймын...

Ана олар менің қолымды ауыртты..

Ана...

Бұл адамдар қатал екен...

Ана бірақ есіңде болсыншы,

Мені алдырып тастасаң да.

Оны ешкім білмеседе,

Сен өлген баланың анасы болып қаласың!

Бірақ мен ренжімеймін саған,

Сенің құрсағыңда өткен 3 ай

Менің ең бақытты күндерім,

Сенің дауысыңды естігенім,жүрек үнін естігенім ең бақытты күндерім.

Ана мен сені ЖҰМАҚТЫҢ алдында күтіп аламын.