Ақылды балалардың ермегі

26 ақпан күні Алматыдағы «Villaggio» мейрамханасында «ACP GAME» халықаралық жобаның "Оқы, тыңда, қара" ойынының кезекті туры өтті. Бұл жолы ойынға 6-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Сондай-ақ, ойынға «Мурат Мутурганов шоуының» жұлдызы кішкентай Марк Корчагин мен БАҚ өкілдерінің балалары да қатысты.

Интеллектуальды ойынның басты мақсаты – балалардың білімін арттыру.

Зерек балалар ойын шарты бойынша 3 категориядағы тапсырмаларды орындайды.

Оқы: белгілі шығарманың авторын табу

Тыңда: танымал әншін немесе хит әннің атауын табу

Қара: белгілі мультфильмнің атауын табу

Команда мүшелері тез жауап беру керек. Дұрыс тапқандар +1, дұрыс жауап бермегендер -1 ұпайға ие болады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Егер де балаңызды ойынға алып келемін десеңіз, толық ақпаратты www.acpgame.kz сайтынан таба аласыз! Суретті түсірген - Александр Сахар



Бөлісу: