Сіз құймақ (блины) дайындай білесізбе?!

Құймақ жемегелі де біраз болған шығар?! Сіздерге өз нұсқамдағы құймақты ұсынамын. 
Құймақ құрамына: 1 литр сүт, бір ожау сұйық май, 2 жұмыртқа, жарты шәй қасық сода (сірке суымен бастырылған), 3 ас қасық шекер, бір шымшым тұз, ұн қажет.

Ұннан басқа өнімдердің бәрін араластырамыз. Ол үшін бізге арнайы араластырғыш (вмешалка) немесе миксер керек. Шанышқының да көмегіне жүгінуге болады тек ол үмітті ақтамауы мүмкін. Ұнды елеуішпен елеп салып отырамыз, қоюланғанша.
Қызып тұрған табаны бір мәрте ғана майлап аламыз, жабыспайтынына сенімді болу үшін. Бір ожауды толтырмай алып (табаңыздың көлеміне байланысты) табаға құямыз да, айналдырып жайылуына жағдай жасаймыз.
Ортасы шұрқ тесік, айналасы қызара бастағанда бір шетінен тіс шұқығышпен іліп алып келесі бетіне аударамыз. Осылайша бәрін пісіріп аламыз.
Дайын құймақтарды дастарханға ұсына берсеңіз болады. Ас болсын! 
 
 


Бөлісу: